Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ата-аналардың 4 қателігі
15 сәуір, 2019 жыл 811 Басып шығару нұсқасы

Баланы тамақтандыру кезінде ата-аналар өздері де байқамай қате әдеттерді қалыптастырып алады. Ал ол баланың бойында да қалыптасады. Тамақтану кезіндегі қатаң ережелерді ұстану балалардың денсаулыққа мән бермеуіне, қарнының тойған-тоймағанын ажырата алмайтын болуына алып келуі мүмкін дейді психолог мамандар. Ол үшін төмендегі төрт ережені енді қайталамауға тырысыңыз. 

Тамақ жеуге мәжбүрлемеңіз!

Тәрелкесінде кішкене мөлшерде тамақ қалды. Балаңыз тойғанын айтып тұр, ал сіз оны таусып қоюға мәжбүрлейсіз. Бұл дұрыс емес, оның дені сау, үлкен адам болуы үшін қанша тамақ жейтінін сіз шешпейтініңізді ұғыңыз. Өзінің таңдауына ерік беріңіз.

Егер бала әлі тоқ екенін айтса, тамақты «тықпас» бұрын, оған отбасымен бірге тамақтану керек екенін түсіндіріңіз. Кішкентайыңыз қарны ашқан уақытта керек тамақты өзі мөлшермен жей алтындай етіп тәрбиелеу керек. Мысалы жасөспірім балалар кока-кола, чипсы секілді заттарды жиі тұтынады. Бұл ол тағамдар тәтті болғандықтан емес, өз еркімен таңдай алатын уақыт жеткендіктен.

Тамақ марапаттау құралы емес.

Сабақтан «бес» алып келгені үшін балмұздақ, үй жұмысын орындағаны үшін чипсы, тіс дәрігеріне көрінгені үшін шоколад… Ал жүлде алып келсе тіпті басқа тамақ ұсынасы немесе сорпасын ішкен соң, торт бересіз… Осы сияқты толып жатқан «ұсыныстарыңызды» қолданыстан шығару керек. Бұның салдарынан бала күнделікті тағамды дәмсіз деп санауы мүмкін. Бірақ торт жеу үшін тойып тұрған асқазанға да қарамайтын болады.

Тамақ-жау емес!

Бірнеше тағамдарды «қауіпті» етіп көрсетіп, «жеуге болмайды» деп үйретесіз. Фастфуд, қуырылған фри сынды тағамдарды жегісі келгені үшін балаңызды «кінәлі» етіп көрсетесіз. Соның әсерінен балада торт пен шоколад жеудің өзі уайым болып қалады. Сол себепті «болмайды» деп тежегеннен бұрын, неге болмайтынын үйретіңіз.

Тамақ жеу-қуаныштың  жалғыз себебі емес.

Бала далада ойнамаса, кино көрмесе, достарымен ойнамаса оны бері қаратудың жалғыз әдісі-шоколад пен тәттілер. Балаға «тамақ жеу үшін өмір сүрмеу керегін», «өмір сұру үшін тамақ жейтінімізді» түсіндіргеніңіз дұрыс. Тым тамақ ойлап, қомағай болып кеткен дұрыс емес.

ikerim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары