«Расында Пайғамбарымыздың ( с.а.у.): «Періштелер сурет тұрған және ит болған жерге кірмейді...» деген хадисі бар. Ит ұстаған үйге періштелердің келмеуі иттің ластығы не діни тұрғыдан нәжіс саналатындығы болса керек, бірақ оның басқа да себептері де болуы мүмкін. Пайғамбарымыздың ( с.ғ.с.): «Егер иттер де жеке басына үмбет болмағанда, оларды қырып тастауға бұйрық берер едім» (Әбу Дәуд, Әдаһи, 22; Тирмизи, Сайд, 16-17; Нәсаи, Сайд, 10; Ибн Мәжа, Сайд, 6) – деген хадисі табиғаттағы экологиялық тепе-теңдіктің сақталуында иттердің де өз үлесі бар екенін білдірген тәрізді. Негізінде, пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Періштелер тірі жандылардың суреті ілінген үй мен иті бар жерге кірмейді» деген хадисіне байланысты ғалымдар түрлі пікір өрбіткен. Кейбір ғалымдар бұл жерде ниеттің өте маңызды екенін ескеріп, яғни, суреттің ешқандай құлшылықпен табынумен байланысы жоқ болған жағдайда, намазға тұрған адамның құбыла жағынан басқа қабырғаларға сурет ілуге рұқсат бар екенін айтады. Ислам дінінде суреттің тыйым салынуына қатысты көптеген себептер бар. Ең алдымен сурет немесе мүсіннің тыйым салынуына исламнан бұрынғы надандық дәуірдің әсері болғандығын ескергеніміз абзал. Яғни пұттарға табынудан енді ғана арылған қауымға көне, жаңсақ сенімдердің қайта сіңісіп кетпеуі үшін пайғамбарымыз (с.а.у.) сурет немесе мүсінге байланысты қатаң ескертулер жасаған еді. Қалмахан Ержан
Пікірлер