Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ДЕНЕСІНДЕ СУРЕТІ БАР ЖАНДАРҒА
14 наурыз, 2017 жыл 1074 Басып шығару нұсқасы

Бұл мәселені екі бөлек қарастырғанымыз жөн. Өйткені денеге сурет салдыру мен сурет салынған денемен құлшылық жасаудың айырмашылығы бар. Денеге сурет салу немесе салдыру - Алланың жаратқан тәнін өзгерту болып саналады. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Денеге сурет салғанға да, салдырғанға да Аллаһтың лағынеті болсын» деп, бұл істің харам екендігін айтқан.  Исламды кейіннен қабылдаған жан, бұл істің харам екендігін кеш білсе, мүмкіндігінше денесіндегі суретті кетіргені дұрыс. Ал кетіре алмаса, оны күштеп кетіру үшін жаны мен тәнін азапқа салудың қажеті жоқ. Тек тәубе қылып Алладан кешірім сұрауы керек. Ең бастысы, денесіне салынған сурет оның ғибадат қылуына бөгет болмағаны дұрыс. Шайтан: «сенің денеңде сурет бар. Намаз оқыма, ораза ұстама», – деп адамды азғыруы мүмкін. Салынған сурет терінің астына піспелеп, бояу жіберіп әшекейлегендіктен терінің үстіне су тиюіне бөгет болмайды. Сондықтан салынған суреттің үстіне дәрет алуға, ғұсыл жуынып ғибадат қылуға, намаз оқуға болады.

       Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Амр ибн Асқа: «Исламға кіру – бұрынғы күнәларды жояды» деген хадисі осы мәселені айшықтай түседі. Өйткені Ислам дінінде пенденің мұсылман болмай тұрып істеген күнәларын толықтай кешіріледі.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары