Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қарызыңды қайтаруға көмектеседі
15 наурыз, 2017 жыл 2061 Басып шығару нұсқасы

Күні бүгін екінің бірінің басында қарыз бар. Өсіммен несие беретін банк жетерлік. Тіпті қарызды рұқсат етілген жолмен алсаң да абайлаған абзал. Себебі қарыз атаулының қаупі зор. Қайтарылмаған қарыз үшін шахид болған жанның өзі Қиямет күнінде жауап береді. Алла елшісі: «Шахид болған адамның қарызынан басқа бар күнәсі кешіріледі»-деген.

Әлдебір адам өмірден озса соңында қалған қауым оған жаназа намазын оқиды. Алла елшісі қарызы қайтарылмай қайтыс болғандарға жаназа намазын оқымаған. Алла елшісіне қайтыс болған адамның сүйегін әкелгенде: «Оның қарыздары бар ма еді?-деп сұраған екен. Маңайындағылар қайтқан адамның қарызы болмағанын айтқанда жаназа намазын оқыпты. Содан кейін екінші бір қайтыс болған адамды әкелгенде, Алла елшісі қайтадан: «Оның қарыздары бар ма еді?»-деп сұрайды. Адамдар оның қарызы болғанын айтады. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с): «Ол үшін өздерің намаз оқыңдар»-дейді. Сол кезде Әбу Каттада: «О, Алланың елшісі, оның қарыздарын мен өз мойныма аламын»-дейді. Сонда ғана Алла елшісі әлгі қайтқан адам үшін жаназа намазын оқыған екен.

Егер әлдекім қарыз алып, уәде еткен мерзімінде қайтаруға тырысса Алла Тағала оған сөзсіз көмектеседі. Мұхаммед Пайғамбар: «Егер әлдекім қарыз алса және Алла Тағала ол адамның қарызды қайтаруға ниетті екенін білсе, Алла Тағала осы үшін ол адамның қарызын қайтарады»-деген. Яғни қарызын қайтаруға көмектеседі. Осы хадистің басқа бір нұсқасында: «Егер әлдекім адамдардан кейін қайтару ниетімен қаражат алса, Алла оның қарызын қайтарады. Ал егер әлдекім адамдарды алдап қарыз алып қайтармаса оның өзін азаптайды»-делінген.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары