Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бұл адам жәннатқа кірмейді
15 наурыз, 2017 жыл 4548 Басып шығару нұсқасы

Алла елшісі: «Сендердің араларыңдағы Алла Тағалаға ең жек көрініштілерің өсек таратып, адамдар арасына іріткі салып, алауыздыққа апаратындарың»-деген.

Өсек-аяңға деген бейім адамның Аллаға жақындауы қиын. Бұл жаман қасиеттерден арылмайынша адам Аллаға жақындай алмақ емес. Бұл да дәрет алмаған адамның құлшылық жасай алмайтындығы сияқты нәрсе. Алланың разылығын алу үшін, Оған мейілінше жақындау үшін мұндай жаман қасиеттерден арылу міндет. Бұл туралы Құранда: «Алла тазалаған адамның үлкен бақытқа ие болғаны»-делінеді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Өсекші жұмаққа кірмейді»-деген.

Сондай-ақ: «Алланың ең жаман құлдары туралы айтайын ба?-дегенінде, сахабалары: «Иә, Алланың елшісі, айт»-дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Бұл өсек таратып, бірін-бірі жақсы көретін жандардың арасына іріткі салып, жазықсыздарды кінәлаушылар»-дейді.

Елдің өсегіне қалған адамның сабыр сақтағаны, көңілін түсірмегені абзал. Себебі жала жабылып, өсек-аяңға қалған адамның Алла Тағала жарты күнәсін кешіреді.

Ал өзгелердің мұсылман бауырын жамандап жатқанына куә болған адамның үнсіз, бейтарап қалуы жарамайды. Керісінше, әлдекімге жазықсыз жала жабылып, сыртынан сан түрлі өсек айтылып жатса сол адамның абыройын қорғауы тиіс. Мұндай жағдайда үнсіз қалу – мұсылман бауырыңызды өсекшілермен қосылып жәбірлегенмен бірдей. Себебі мұсылманның бір парызы – сенімі бір бауырын өсек пен жаладан қорғау болып табылады.

Әлдекімнің сыртынан өтірік-шыны аралас, өсек-аяң айтылып жатса, соған қуанып, ол әңгіменің көрігін қыздыра түсетіндер бақытсыз жандар. Өз-өзіне ор қазушылар. Себебі мұндай күнәнің жазасы жеңіл емес.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары