Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дүкеннен шыққанда сөмкеңе мән бер
15 наурыз, 2017 жыл 291 Басып шығару нұсқасы

Қазіргі заман бәсекенің заманы. Екінің бірі сауда-саттықпен айналысатыны жалған емес. Алып-саттықпен шұғылданғаннан кейін, тауардың өтімді болуы да шарт. Ал бірінен-бірі қалмай кәсіпке бас ұрған заманда, бәсекелесіңді шаң қаптыру қиынға соғады. Ол үшін неше-қилы айла-тәсілдер қолдануға тура келеді. Америка сияқты экономикасы дамыған алпауыт елдер тауардың өтімділігі үшін  қолданатын жарнама, РR сынды дүниелер біздің елдің де қанына сіңісіп кетті. Көк қағаздың соңында кеткен кәсіпкерлер жарнамаға зәру болып тұрады. Соған қарай бүгін де PR менеджер, жарнама жасаушыларға деген ұсыныс өте үлкен. Бұл да күн көрудің бір тәсілі ғой, алайда жарнамалағанда өтірік-шынын араластырып сөйлейтініміз тағы бар. Бастысы тауарды өткізу деген мақсатпен болмайтын әрекетке барып жатамыз.

Сауда саттық ислам дінінде де рұқсат етілген. Бірақ алдау мен өтірікке тыйым салынды. Істеген ісінде міні жоқ, артындағы үмметіне үлгі боларлық Пайғамбарымыз(с.ғ.с) бен сахабалары қандай болды?!

Бірде Расулалла (с.ғ.с) базарға барып бір саудагерден бір қап бидай сатып алады. Қапты көтере бергенде асты дымқыл екенін аңғарады. Саудагерден сұрағанында, ол жаңбыр жауып, суланып қалды дейді. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с): «Адамдар оны көруі үшін су тиген бидайды үстіне салуың керек емес пе? Біреуді алдаған адам, өзін мұсылманмын деп айтуға қақысы жоқ!», - деген екен. (Муслим, «Иман», 164). Ендеше тауарын өткізіп, пайданың астында қаламын деп астамшылық жасап жүргендердің қылмысқы әрекеті мұсылманның сипатына жат нәрсе.

Тағы бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Серт беру тауарға деген қызығушылықты арттыруы мүмкін, бірақ ісің мен сөзің сай келмесе, берекесін жоғалтады» деген. (Бухари, «Бую», 26).

Жаңа заман қоғамында жарнама тауарды өз сапасынан әлде қайда асыра мақтап, өтірікке жол ашады. Көзбояушы мұндай жарнамалар адамдарды тойымсыз қылып, арты ысырапқа әкеліп соғады. Ең сорақысы жарнама роликтері мен көшеде көзге шоқтай басылатын жарнамаларда әйел адамның әуреттерін жарқыратып қояды. Тауардың өтімділігі үшін жсалған мұндай жарнама нәпсіқұмарлыққа итермелейді.

Бұдан өзге жарнамаланып жатқан дүниенің қайсы бірін алсаң да бағасы шарықтап тұрады. Ал оны алуға біреуінің қалтасы көтерсе, бірінің оған шамасы жетпейді. Қазіргі кезде радио-телеарна, ғаламтор барлығын да жарнама жаулап алған. Қайсысын ашып қалсақ та, тыңдайтынымыз, көретініміз қымбат тамақтар мен көздің жауын алатын жауһар дүниелердің жарнамалары жалт ете қалады.

Ал бұрынғы заманда ислам елдерінде мейрамхана қожайындары тамақ тұрған жерді жауып ұстайтын болған. Базардан келе жатқан әйелдер алған азық-түліктерін көрінбейтін дорбаға салып әкелген. Шынайы мұсылман кедейлер мен мұндай дүниені алуға шамасы келмейтіндердің көңіліне қаяу түсірмеу үшін осылай жасаған.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) адамдарды тамақтың иісімен де аранын ашуға тыйым салған. Алайда біздің қоғам дүкен сөрелеріне қаптатып қоюды ешқандай да ұят көрмейді.

Байқап отырғанымыздай өрескел жарнаманың өзін де исламға қайшы әрекет жеткілікті. Сондықтан да әр істің байыбына барып, қайырлысын жасаған абзал.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары