Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Оны намазға шайтан оятты
16 наурыз, 2017 жыл 876 Басып шығару нұсқасы

Силсиле Саадаттың бесінші алқасы Баязид Бастами Хазреттерін бір түні ұйқы басып, таң намазына тұра алмайды. Таңертең намазының қазасын орындап, соншама өкініп жылайды. Кейін өзіне илһам келіп, былай делінді:

–Ей, Баязид, бұл күнәңді кешірдім. Бұл өкінгеніңе де, жылағаныңа да жетпес мың намаз сауабын сыйладым. Осыдан біраз уақыт өткеннен кейін оны тағы ұйқы басты. Шайтан келіп Баязид Бастами Хазретінің мүбәрак аяғын ұстап оятып:

–Тұр, намаз өтуіне аз қалды, – дейді. Баязид Бастами Хазреттері шайтанға:

* Ей, малғұн! Сен еш осылай жасамайтын едің. Әркімнің намазының өтуін, қазаға қалуын қалайтын едің. Ал қазір қалайша мені ояттың? – дейді.

Сонда шайтан:

* Бірнеше ай бұрын таң намазын өткізіп алғаныңда көп өкінгенің мен көп жылағаның үшін кешірілген едің және жетпіс мың намаз сауабын алған едің. Бүгін соны ойлап тек қана бір уақыт намаздың сауабын алсын, жетпіс мың намаз сауабын алмасын деп сені ояттым, – деп жауап берді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары