Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бұл сусыннан өзіңді аулақ ұста
16 наурыз, 2017 жыл 500 Басып шығару нұсқасы

«Алла Тағала шарап пен ішімдікке қатысы бар он адамды лағынеттеді. Олар:

1- сол үшін ағаш отырғызушы

2- ағашты баптайтын бағбан

3- шарап шығарумен айналысатын адам

4- шарап ішуші

5- шарап құюшы

6- оны тасымалдаушы

7- жүкті қабылдаушы

8- сатып алушы

9- сатушы

10- және сол үшін ақша алушы».

 «Масайтатын ішімдікті үнемі ішетін адам Қиямет күнінде Алланың алдына дінсіз болып барады».

«Спирттік ішімдікті үнемі ішетін адам Алланың алдына пұтқа табынушы ретінде барады».

«Спирттік ішімдік ішілетін үстел басында отырған адамға лағынет жауады».

«Алла Тағала мен Қиямет күніне сенген адам шарап ішілетін үстел басында отырмауы тиіс».

«Менің Алланың атынан ішімдікке тыйым салынғаны туралы хабарды жеткізгенімнен кейін ішімдік ішкен әр адам қандайда бір отбасының қызына құда түсуге келсе қалаған жауабын ала алмайды»

«О, Әли! Спирттік ішімдік ішкен адам пұтқа табынушыға ұқсайды. Алла Тағала оның қырық күнгі құлшылығын қабыл етпейді. Егер ол осы қырық күннің ішінде қайтыс босла, дінсіз болып қайтады»

«Біздің жауларымыздың киімін жамылмаңдар, олардың тамағын ішпеңдер, олардың ізімен жүрмеңдер, олай істемесеңдер біздің жауымыз саналасыңдар».

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары