Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ер азаматыңызды ренжітіп алсаңыз,..
17 наурыз, 2017 жыл 851 Басып шығару нұсқасы

1. Отбасылық өмірдегі реніш басылмайынша жақсы отбасы болу қиын. Ренжіскен жағдайларыңызда бір-бірлеріңізге адам құлағына үрпідей тиетін сөз айтудан аулақ болыңыз.

2.Ренжудің негізгі себептерін білмесеңіз шу шығармаңыз. Реніштің негізгі саладарын білесіз бе? Татуласу үшін кім бірінші қадам жасайды деп күткенше өзіңіз қадам жасаңыз.

3.Жарыңызға соңғы рет қашан жақсы сөз айттыңыз? Сізді жақсы көретінін соңғы рет қашан айтты? Сізді ренжіткен жағдайда, сізге оның құшақтап еркелеткені жетпей тұрған кезде, өзіңіз де құшақтап жылы сөз айтыңыз. Жібімейтін жүрек жоқ, тек шынайы болыңыз. Сүйіңіз, құшақтаңыз жақсы көріңіз.

4.Ерекекке қажетті дүние - сіздің үнемі көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болғаны. Қатулы қабағыңызбен ешнәрсе де өзгермейтінін түсініңіз. Отбасылық өмірде реніш болмай тұрмайды, тек бәрін бірге жеңіңіздер. Бір-бірлеріңізге сенім артыңыздар. Ер азаматыңызға ешқашан өтірік айтпаңыз.

5.Ең бастысы махаббаттарыңыз берік болса бәрін де жеңуге болады. Махаббат бәрін де құтқарады. Әрдайым бір-бірлеріңізге көңіл бөліңіздер, бәрінен де көңіл қымбат. Өзіңізге жасалған жақсылық жүрегіңізді жұмсартқанын, жақсылық жасағандарды жақсы көретініңізді ойласаңыз, бұл өз кезегінде басқалардың жүрегін жаулап алуыңызға көмектеседі.

Дереккөзі: Ұ.Асылов, Ж.Нұсқабайұлы. Әдептану. 

anabol.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары