Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әл-МәләикәҺ (Періштелер)
24 қаңтар, 2015 жыл 184 Басып шығару нұсқасы

565Періштелер және олардың бар болуының дәлелі, әрі оларға иман келтірудің үкімі:


Періштелер нұрдан жаратылған, жұмсақ денеден тұрады, әртүрлі жасқы кейіптерге ене алады, оларға арнайы белгілі бір түр беруге болмайды (мынадай болады деп). Олардың көпшілігінің мекені зеңгір көкте. Жер шарында тұратындары да бар. Бұл хақында Алла Тағала Құранда:


«Олар күндіз-түні Алланы дәріптеуден жалықпайды»


«Олар Алланың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйырылса, соны орындайды» - деп бұйырады.


Періштелердің болмысында ішіп-жеу, ұйықтау, үйлену, ұрпақ сүю, еркектік немесе ұрғашылық, қызтекелік сипаттар жоқ. Кімде-кім періштелерді еркектікпен сипаттаса – пасық болады (яғни Құранда ер тегінде келгендіктен періштелерді еркек деуменен кафир болмайды, бірақ күнәһар болады). Ал ұрғашы деп сипаттаса, Хақ сөзіне сәйкес келгендігі үшін кәфир болады. Бұл турасында Хақ Тағала Құранда:


«Олар Алла Тағаланың құлдары – періштелерді өздерінше әйелдерге балайды» деп бұйырған. Періштелерге қызтекелікпен сипаттаған да – кафир болады. Яғни, ұрғашылықпен сипаттау –кафир болып саналса, қызтекелікпен сипаттау тіпті ауыр күнәға жатады. Өйткені қызтекелік-үлкен кемістік.


«Ақида сабақтары» кітабынан үзінділер алынды.





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары