Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Намаздың пайдасы
20 наурыз, 2017 жыл 5130 Басып шығару нұсқасы

Намаздың пайдалары:

1. Намаз — Аллаға жақындаудың ең абзал жолы.

Намаз Аллаға сүйікті және оған жақындататын ең игі амал. Алла Тағала айтады: «Құлым өзіне парыз етілгендердің ең сүйіктісімен ғана Маған жақындайды», ал пайғамбарымыз «صلى الله عليه وسلم) былай дейді: «Намаз ең жақсы амал. Оны көп орындауға қайсының шамасы келсе істесін». Намаз Аллаға жақындатушы. Сондай — ақ пенденің Раббысына ең жақын болатын кезі — ол сәжде де тұрғанда.

2. Намаз күнәдан тыюшы.

Алла Тағала айтады: «Күдіксіз намаз арсыздықтан жамандықтан тыяды» Керісінше әрбір күнә мен арсыздық адамды намаздан және Алла Тағала еске алудан тыяды.

3.Намаз — күнәларды өшіруші.

Алла Таъла намазды өзге құлшылықтарға қарағанда күнәларды көп жоятын қылды. Алла Тағала айтады: «Мұхаммед күндіздің екі уағында (таң және екінті) түннің күндізге таяу кезінде (ақшам, жашиық) намазын толық орында. Шынында жақсылықтар жамандықтарды жояды. Бұл түсінушілер үшін бір насихат»

4.Намаз — дерттен айықтырады.

Қаншама ауруларды емдеуге көптеген медициналық дәрілер көмектеспей жатады. Ал намазға тұрғанда Алла оларға шипа беріп, аурулары жазылып кетті. Әсіресе түнгі намазға тұрғанда.

5. Намаз — дәрежелердің көтерілуіне себеп болады.

Пайғамбарымыз (صلى الله عليه وسلم) айтады: «Сен Аллаға бір сәжде қылсаң, Аллаһ сенің бір дәрежеңді көтереді», сондай — ақ Раббиъа пайғамбарымыздан жәннәттә бірге болуды сұрағанда былай деді: «көп сәжде қылуыңмен маған көмектес».

6. Намаз — Алла Тағаланың рахымына бөлейді.

Намаздың жемістерінің бірі — пенде намазға тұрып, намаздан кеткенше Алла мейірімінің оған үзілмей түсуі. Сондай — ақ оны періштелер қоршап тұруы. Бұны имам Ахмад Абу Умамадан келген мына хадиспен қоштайды: «Шынында пенде намазда тұрған уақытында оның үстіне жақсылық құйылады». Пенде үшін оқитын екі ракағатынан абзалырақ ешнәрсе әмір етілмеген.

7. Сәжде — тозақ отынан қалқан.

Намаздың жемістерінің бірі мүмін адам тозаққа түссе от оның сәжде қылған жеріне (маңдайына) зарарын тигізбейді. Мұндай нәрсе басқа амалдарда жоқ. Бухаридің сахихінде келгендей пайғамбарымыз сәжде жасайтын жерлерді тозақ оты күйдірмейтінін айтқан: «Алла тозақ отына адам баласының сәжде орнын жеуге рұқсат берген жоқ». Муслимнен келген риуаятта: « Жүздерінен басқа жерлері жанып жататын қауымдар болады», — делінеді.

8. Намаз — рухымыздың азығы.

Ол — жанымыздың азығы. Себебі тән азыққа мұхтаж болғандай, рухымыз мейірімнің түсуіне өте мұхтаж. Ол екуінің әр қайсысы азықтарын сіңіріп алады да әрдайым азығын жаңартып тұруды қажет етеді. Сөйтіп Алла Тағала бес уақыт намазды жанымыздың күнделікті азығы етіп жасап қойған.

9.Намаз — ризық келтіруші.

Егер пенде намаз оқып намазына берік болса Алла оны ойламаған жерден ризықтандырады. «Үй ішіңді намазға бұйыр және өзіңде оған көңіл бөл. Біз сенен ризық тілейміз. Сені біз ризықтандырамыз. Соңғы табыс тақуаға (Алладан қорқушыға) тән.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары