Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Егер бір зат тауып алсаңыз
20 наурыз, 2017 жыл 1681 Басып шығару нұсқасы

Әкесі көшеден ұялы телефон тауып алып, ұлына әкеп берді. Ұлы «Қайдан алдыңыз, жаңа емес, яғни сатып алған жоқсыз ғой?»,- деп сұрады. Әкесі еш мүдірместен тауып алғанын айтты. Сондағы ұлының жауабы: «Қайтадан тапқан орныңызға апарып қойыңызшы, оны иесі іздеп жүрген шығар. Мен бұл телефонды алмаймын!» болды. Мұндай жауапты күтпеген әке ұлына ашуланып, көзін бір алартты да ұялы телефонды өзі алып алды. Кешқұрым әкесі ұялы телефоннан пайғамбар хадистерін оқып отырып, қатты қызарып кетті. Түні бойы ұйықтамай, ары-бері төңбекшіп шыққан әке таң ата кешегі тапқан ұялы телефонның иесін тауып алып, оны өзіне қайтарып береді. Жүзі жадырап «телефонды иесіне бердім, қуанып қалды» деп келген әке таңғы асқа отырғанда, баласының басынан сипап: «Егер қандай да зат тауып алсаң 3 рет «Бұл кімнің заты?» деп айқайлап, жан-жағынан сұрау керек. Заттың иесі табылса, одан дәлел сұрап, дәлел нақты болса иесіне қайтару қажет. Егер, заттың иесі табылмаса 1 жыл көлемінде ол затты өзің иеленуіңе болмайды. 1 жыл бойына сұрастырып, жоғалған заттың иесін тауып қайтарған абзал. Мен бұл туралы кешегі сенің маған берген жауабыңнан соң түсіндім. Ғаламтор бетін ақтарып, діни хадистерді оқып отырып, өз әрекетіме қатты қысылдым. Бұл туралы айтқан хадис бар екен. Барлық адамдар тапқан затын иесіне қайтару қажеттігін біле жүрсін, сен жолдастарыңа айта жүр жарайма», - деп баласына ризашылығын білдіріп, әрі ақылын да айтты.

Кәусар Сабыр

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары