Тілдік нұсқа
Радио

мақала

САҚ БОЛЫҢЫЗ! ЖАСЫРЫН КАМЕРА
21 наурыз, 2017 жыл 355 Басып шығару нұсқасы

Жалпы, бүгінгі қоғам үшін жасырын бейне камера таңсық емес. Кез келген мекемеде бейне бақылау орнатылған. Тіпті, үйіміздің есік алдындағы нан сататын дүкен де камерамен жабдықталған. Әрине, мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігі. Сонымен бірге, қылмыстың алдын алу. Қала берсе, орын алған оқиғаның мән-жайын анықтау барысында да камера аса қажет.

Негізі, осы мақаланы оқып отырған сізді де жасырын камера түсіріп тұр. Бұл түсірілім көптеп бері жүргізілуде. Сіз бен бізді сыртымыздан түсіру үшін жоғары технологиялық камера қолданылады. Бейнесі – тұнық, дыбысы – анық.

Құран Кәрімде: «Ал, шын мәнінде, сендердің үстеріңнен күзетіп тұрушылар бар. Құрметті жазып тұрушылар. Олар не істеп жатқандарыңды біледі»[1], – деп, камераның бар екенін ескертеді. Ол біздің әрбір қимылымызды қалт жібермейді. Әрі бір емес, екі камера. Әрбір адамға екі камерадан бекітілген. Мақсат – қоғамдағы әрбір азаматты салауаттылыққа шақыру.

Бұл көшедегі камера сияқты бір орында қатып тұрмайды. Жол бойындағы камераны алдағандай, көліктің жылдамдығын баяулатып алдап кету мүмкін емес. Түсіру ауқымы 360°-ты қамтиды. Құран Кәрімде: «Міне, әрбір адамның оң жағынан және сол жағынан екі тіркеп алушы отыр. Ол қандай сөз айтпасын, оның жанында дайын тұрған бақылаушы бар»[2], – деп ескерткен.+

Сондықтан, қай уақытта да абай болыңыз! Себебі, жасырын камера тұр.

 

[1] Инфитар сүресі, 10-12 аяттар
[2] Қаф сүресі, 17-18 аяттар

Мұхаммед Ибраһим

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары