Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қиямет күнінде аш-жалаңаш қалғандар
19 қыркүйек, 2019 жыл 422 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай бұйырғаны айтылды: «Қиямет күні адамдар аналарынан туылған күндегідей жалаңаш, жалаң аяқ тіріледі»
Хазіреті Айша (р.а.) былай деді: - Әйел, еркек бәрі бірге ме?
Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) былай бұйырды: - «Иә». Сонда Айша (р.а.)
анамыз: -Ойбай, әдеп жерлерім! Олар бір-біріне қарай ма? – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Айшаның (р.а.) иығына қолын тигізіп, былай деді: - « Әй, Кәхафәның қызы, адамдардың әрбірі ол күні өз қайғысымен боп кетеді, жан-жаққа қарау қайда? Көздер көкке қарап тігулі, қырық жыл сондай қалыпта тұрады. Не бір нәрсе жемейді, не бір нәрсе ішпейді. Олардан бөлек бір топ кісінің терлеген тері аяқтарына жетеді. Бір топ кісілердің тері тізесіне дейін келеді. Олардан бір топ кісілердің терлері болса, көкірегіне дейін келеді. Бұл терлеудің көптігі сол жерде түрегіліп тұрғаннан болады.
Хазіреті Айша (р.а.) былай деп айтты: - Расулуллаһтан (с.ғ.с.) былай сұрадым: - Қиямет күні киінген түрде тірілетін бар ма? Былай бұйырды: - «Иә, бар. Олар Пайғамбарлар мен олардың бала-шағасынан басқа сол күні барлық адамдар аш болады. Режеп, Шағбан, Рамазан айларында арасын үзбестен ораза ұстағандар тоқ болады, олар үшін аш қалу деген жоқ және олар шөлдемейді. Олар жиналып Байт-и макдисте (Құдусте) бір жерге әкелінеді, ол жердің есімі «Сахире» деп аталады.
Алла Тағала Назият сүресінің 13, 14-ші аяттарында былай айтты: - «Бұл тірілу ісі жай ағана бір дауыстан болады, бір қараса, Сахиреде жүр». Былай айтылды: - Жаратылыстар қиямет күні жүз жиырма сап болады. Және әрбір саптың ұзындығы қырық мыңдық жол. Әрбір саптың ені жиырма бір жылдық жол болады. Былай айтылды: Айтылған саптардан үшеуі мүминдердің саптары, қалғандары кәпірлердің саптары. Бір риуаятқа қарағанда Расулуллаһтың (с.ғ.с.) былай бұйырғаны айтылды:
«Үмбетім жүз жиырма сап болады». Ең мықты айтылғаны мынадай.
Қиямет күні мүминдердің сипаттары былай болады:
Ақ жүзді, дәрет алған мүшелері жарқыраған. Қиямет күні
кәпірлердің сипаттары былай болады: - Қара жүзді, шайтандармен дос.

 

«Дурратул уағизин» кітабынан үзінді
Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары