Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мен осылай бақытты әйел атандым
23 қараша, 2019 жыл 1344 Басып шығару нұсқасы

Өмірдің қит етпе қиындығымен жүздесе қалсам, мен үшін  бәрі біткендей  аһ ұрып жылаушы едім. Бұл бір сәттік қана екен.  Бүгінде ішкі жан дүнием тыныш, жүрегім баяғыдай дүрсілдемейді. Бой жетіп тұрмысқа шықтым. Бір жыл өте бере балалы да болдым. Қасымда жанымды ұға білетін, көңілі  таза жан жолдасым бар. Өмірге қажетті деген  қажеттіліктеріміз  бен ас-ішеріміз барлығы түгел болды. Екі жақтағы  ата-аналарымыз аман, бауырларымыз да күнделікті тіршіліктерімен өмір сүруде. Айналамыздағы барлық жандармен қарым-қатынасымыз түзу. Жолдасым екеуміз де мемлекеттің  қызметінде істейміз. Мансапты да  сұрамадық, несібемізге орай өзі ретімен берілді. Біз осылайша жалған өмірдің балдай тәтті  шақтарын  басымыздан өткердік. Күн де зулап барады. Үй болып, отау тіккенімізге де бірнеше жыл өте шықты. Бұйыртса жеті айдан соң тағы да нәрестелі боламыз. Құрсағыма бала біткелі жолдасым екеуміздің қуанышымызда шек жоқ, бізден асқан бақытты адам жоқтай көрінеді. Ерекше қуануымыздың да өзіндік себебеі бар, бір жылдай жігіт-қыз болып  жүрдік, көп нәрсе армандадық та. Сол армандардың бірі екеуімзден сүйкімді балалар бірінен кейін бірі туылса екен дедік. Махаббатымыздың жемісі мен жалғасы осы емес пе?! Бұл армандар да ақырындап сәтімен орындалып келеді. Бір күні менің жүрегіме бір нәрсе жетіспей жүргенін анық сездім. Ол не?! Ол – Жаратқан Иемізге құлшылық-ғибадат қылу! Көрсеткен күніне шүкіршілік ету мен барға қанағат жасау менің жүрегіме қажет екен. Өз-өзіме есеп бере отырып, күллі әлемнің жаратушысы Алланы кеш есіме алғаныма өкіндім. Мүмкін тәрбие берген ата-ана мен мектеп кінәлі болар... Бірақ кеңестік  түсінікпен өмір сүрген оларды қалай кінәлаймын? Не болса да Раббыма құлшылық жасауды бастап кеттім, жүрегімде Алла, басым сәжде де. Өз қалауыммен Алланың жердегі үйі мешітке барып, «Намаз оқып үйренейік» атты кітабын қолыма алдым, түсінбегендеріміді мешіттің ұстаздарынан сұрап білдім. Бұдан бөлек еліміздегі  мұсылмандар діни басқармасының арнайы бекіткен сайттарынан діни-танымдық мақалаларын оқып, рухани байып та жатырмын. Баяғыдай сағаттап әлеуметтік желілер де бос отыруды қойдым. Уақытты үнемдеп, Алла Тағаланы күніне бес рет еске алуға мүмкіндік алдым. Мен бақытты өмірімді осылай толықтыра бастадым. Қадірлі оқырман сіз ше? Алланың үйіне, намазға, жалпы имандылыққа тек қана басымызға қиындық түскенде ғана жылап-сықтап келмей, бейбіт өмірде келсек сол бір қайырлы іс емес пе?!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары