Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Таңқалдырар әңгіме
12 қаңтар, 2021 жыл 784 Басып шығару нұсқасы

Төртінші көкте екі періште кездесіпті. Бірі екіншісінен: «Сен қайда, не үшін бағыт алдың?»-деп сұрайды. Екіншісі: «Мен бір таңқаларлық тапсырманы орындауға бара жатырмын»-деп әлгі тапсырмасын айта бастайды. «Бір қалада иудей қайтыс болайын деп жатыр. Оның балық жегісі келіпті. Бірақ ол балық олардың өзендерінде жоқ екен. Маған иудей жегісі келген балықты сол балықты   жүзетін өзеннен алып, сол жақтағы өзенге тастау тапсырылды. Оны балықшы аулап, ол одан кейін сол иудейдің қолына жететіндей болуы тиіс. Бұл не үшін қажет? Әлгі иудейдің өмірінде жасаған барлық жақсылықтары үшін Алла Тағала сауабын осы дүниеде берген. Оның тек сыйын алмаған бір ісі ғана қалған еді. Алла Тағала сол ісінің де сауабын осы дүниеде беруді шешкен екен. Мұсылман емес адамның өзінің де жақсылығын Алла Тағала түгелдей береді»-дейді.


 

Содан кейін осы иудей туралы айтып отырған періште екіншісінен: «Сен қайда барасың?»-деп сұрайды. Екіншісі: «Мен де сенікінен де таңқаларлық тапсырманы орындауға бара жатырмын»-деп тапсырмасын айта бастайды. «Бір қалада бір адам хал үстінде жатыр, оның сүт ішкісі келіпті. Оның осы өмірде жасаған барлық күнәлары, оның басына түскен қайғы-қиындықтары арқылы кешірілген. Тек кешірілмеген бір күнәсі қалған-ды.  Сол күнәсінің өтелуі үшін мына сүтті төгуге бара жатырмын. Оның сүтті іше алмағанына қамығуы, сол күнәсінің өтеуі болмақ. Сонда ол сол күнәнің жазасынан құтылатын болады. Алла Тағала пенделеріне қиындық пен ауыртпалықтарды олардың күнәлары жуылып, Ақырет күніне таза баруы үшін, тозақ отына түспеуі үшін береді»-деген екен.

Құранның келесі аятында: «Кім жаман, нашар қылық жасаса да, оған ісіне қарай беріледі»-делінеді. Осы аят түскенде сахаба Әбу Бәкір Пайғамбарымызға: «О, Алланың елшісі! Біздің қайсымыз жаман, нашар қылық жасаймыз?»-дейді. Сонда Алланың елшісі: «Сенің басыңа қайғы келмей ме, ауырмайсың ба, ауыртпалықтар түспей ме?-дейді. Әбу Бәкір: «Иә, Алланың елшісі болып тұрады»-дейді. Сонда Пайғамбарымыз: «Мұның бәрі күнәлардың жуылуы»-деген екен. Басқа бір нұсқасында: «Сен және сенің серіктерің, яғни барлық тақуалар о дүниеде Алламен таза күйде кездесу үшін күнәларына сай осы дүниеде жазаланады. Ал басқалар үшін жаза о дүниеге қалдырылады»-делінеді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары