Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құран мен Сүннет - бағдаршым
22 маусым, 2015 жыл 552 Басып шығару нұсқасы

Koran0753536808764-374x200_cБаязид Бистами: «Рухани шыңдалу жолында жүрген адам  – ол бір қолында Құран, екінші қолында Сүннет ұстаған адам. Ол Жұмақ пен Тозаққа қарайды, жер бетінде жүріп: О, Аллам бұйыр! Мен Сенің бұйрығыңа бағынуға дайынмын дейді»-деген.


Біздің мына әлемдегі бағдаршымыз - Құран мен Сүннет. Дүние тірлігінде құлшылықтан қол үзбеуге, тура жүруге екеуінің талаптарын сақтау арқылы ғана қол жеткізуге болады.


 Құранға қатысты міндеттер тұрғысынан, келесі үш ерекшелікті ескеру керек:


Бірінші,  оны дұрыс оқу қажет (Құран оқымай намаз жоқ).


Екінші, Құранда белгіленген шектерді, бұйрықтарды сақтау керек.


Үшінші, Құран құндылығын түсіну қажет (Құрандағы рухани негіздер).


Тақуа адам өз өмірінің барлық саласында Құран талаптарын орындай жүреді, яғни бар тірлігін Құран мен Сүннетке сай орындайды және «Алла маған разы ма?» деген сұрақты өз-өзіне үнемі қоя жүреді.


Құранды ең ұлы түсіндіруші – ол Алланың елшісі және оның 23 жылдық пайғамбарлық ғұмыры. Өйткені Алла Тағала аятта:  «Кім Пайғамбарға бойұсынса, маған бойұсынғаны» - дейді («ан-Ниса» сүресі, 4/80).


 «Шынында, Құран — сен анық араб тіліндегі уағыздаушылардың бірі болуың үшін сенің жүрегіңе дұрыс Рух түсірген әлемдерді Жаратушының  жолдауы» («аш-Шуара» сүресі, 26/192-195).


Ешкім Алла елшісін, Сүннетін танымай, Құранды түсінбей Алланың шынайы құлы бола алмақ емес.


Тақуалыққа  барлық діни үкім-талаптарды орындау арқылы ғана қол жеткізуге болады.


«… Діннің жоғалуы сүннеттен бас тартудан басталады. Арқанның жеке жіптердің сөгілуі себепті үзілетіні сияқты дін де Сүннеттен біртіндеп бас тартудан кейін жоғалады» (Дарими, «Мукаддима», 16).


Міне, Құран мен сүннетке аса ұқыпты қарау қажет-ақ. Себебі адамның адасуы оңай. Әсіресе қазіргідей аласапыран уақытта өте қиын. Құран мен Сүннеттің сәулесі жоқта жүректегі сенім мен нұр өшеді. Себебі жақсылық пен қайырымдылықтан, Құран мен Сүннеттен алыс адамның өмірінде еш мағына болмайды.


Өмірінде, әр ісі мен сөзінде, күнделікті тірлікте Алла елшісінен үлгі алған адам және оған ұқсай білген адам, Құранды оқып, түсіне білген, Алласын таныған адам шын бақытты.



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары