Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЕРЕЖЕП – АЛЛАНЫҢ АЙЫ
29 наурыз, 2017 жыл 4614 Басып шығару нұсқасы

Алла тағала «Тәуба» сүресінің 36-аятында: «Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі құрметті айлар. Міне, осы берік дін», – дейді.
Мұхаммед Пайғамбарымыз (r) қоштасу қажылығында: «Бір жылда он екі ай бар. Бұлардан төртеуі харам айлар, үшеуі қатар келген – Зилқағда, Зүлхижжа және Мұхаррам, төртіншісі – Ережеп», – деп жеке-жеке атап көрсеткен (Имам Бұхари).
Пайғамбарымыз (r) қасиетті айларға көп көңіл бөліп, сахабаларға оларды қалай өткізу керектігі жөнінде айтатын. Сондай-ақ, ережеп айы кіргенде: «Раббым, ережеп пен шағбан айларын берекелі ете гөр! Бізді Рамазанға аман-есен жеткізе гөр!», – деген дұғамен қасиетті айларды (ережеп, шағбан, Рамазан) бастайтын. Осы төрт құрметті айдың бірі – ережеп айы да келіп жетті. Биылғы 2016 жылы бұл қасиетті айлар сәуірдің 8-і күні басталады. Біз де: «Раббым, ережеп пен шағбан айларын берекелі ете гөр! Бізді Рамазанға аман-есен жеткізе гөр!», – деп дұға етеміз.
Бұл айда тәубә етушілерге Алланың рақметі мен мейірімі ерекше мол. Пайғамбарымыз (r): «Жәннатта сүттен  ақ, балдан тәтті бір өзен бар. Ол – ережеп деп аталады. Кімде-кім ережеп айында ораза ұстаса, Алла тағала сол өзеннен су  ішкізеді», – дейді. Сондай-ақ, тағы бір хадисінде: «Ережеп – Алланың айы, шағбан – менің айым, Рамазан – үмметімнің айы», – деген. Өйткенi, Ережеп Алланың кешiрiм етуiне лайық бiр ай. Осы айда адамдардың қан төгiп соғысуына болмайды. Осы айда Алла тағала пайғамбарлар-дың дұғаларын қабыл еткен. Және осы айда Алла тағала әулие, тақуа құлдарын дұшпандардың қармағынан құтқарған.
Кiмде-кiм ережеп айында ораза ұстаса, Алладан үш шарапат пен берекетке лайық болады. Әнас ибн Мәліктен (t) риуаят етілген хадисте: «Ей, Расулалла! Ережеп айының «Шаһруллаһ» деп аталуының себебі не?», – деп сұрады. Сонда Алла елшісі (r): «Ережеп – Алла тағаланың күнәларды кешіретін айы. Алла тағала құзырында сүйікті ай. Бұл айда ұрыс-жанжал, қантөгіс тоқтатылған. Бұл айда Алла тағала әнбиялардың, яғни пайғамбарлардың тәубелерін қабыл етіп, әулиелерді дұшпан-дарынан қорғаған. Бір кісі ережеп айын ораза ұстап өткізсе, Алла тағаланың үш жақсылығына ие болады.
1. Өткен күнәларын кешіреді;
2. Қалған өмірінде түрлі теріс қылықтардан сақтайды;
3. Қиямет күні Алла тағала тарапынан сусындалады», – деп жауап берді.
Сол мезетте қарт кісі орнынан тұрып: «Иә, Алла елшісі! Мен ережеп айының барлығында ораза ұстауға әлсізбін», – деп сұрағанда оған пайғамбарымыз (r): «Ережеп айының басында, ортасында, аяғында ораза ұстасаң, ережеп айының барлық күндерінде ораза ұстағандай сауапқа ие боласың. Өйткені, бір жақсылық он есеге еселенеді», – деген.
Осы айда мүбарак екі түн бар. Бұлардың бірі – Рағайып түні болса, енді бірі – Миғраж түні. Бұл айды осы Миғраж түні ерекшелеп тұр. Өйткені, осы түні Алла тағала мұсылмандарға маңызды құлшылықты әмір еткен, яғни намаз оқу парыз болды. Алла тағала тек қана осы намазды аспанға көтеріп парыз етті. «Бұл уақыттардың қадірін біліп, Менен кешірім сұраңдар, сендерді ке-шіремін» деген.
Миғраж, сенімді дерек көздеріне қарағанда, Мәдинаға көшпестен бір жарым жыл (621 ж.) бұрын болған. Ережеп айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түні пыраққа мініп түнгі сапарда көк жүзінен өтіп, Ұлы Жаратушының құзырына шыққан болатын. Сөйтіп үмметіне екі дүниенің бақытына кенелетін теңдесі жоқ сый – намазды әкелген еді. Пенде намаз оқыған сәтте бейне бір миғражға көтеріліп Алланың құзырына барғандай әсерленеді. Міне, ережеп айы осындай қасиетті түндерімен де құнды. Қасиетті күндер мен түндерде жасалған әрбір игі істің сауабы басқа күндермен салыстырғанда еселенеді. Пайғамбарымыз (r): «Мына бес түнде жасалған дұға қайтарылмайды: рағаиб түні, шағбан айының 15-ші түні, жұма түні, Рамазан айтының түні және құрбан айтының түні», – деген (Ибн Асакир).
Сондықтан, бұл айлардың қадірін біліп, босқа өткізіп алмай, Алланы көбірек еске алып, біліп-білмей істеген қателеріміз үшін кешірім сұрап, тәубе етіп, Құран оқып, ілім алып, ораза ұстап, нәпіл намаз оқып, садақа беріп, игі амалдармен айналысып өткізге-німіз абызал.
Алла тағала біліп-білмей жаса-ған күнәларымызды кешіріп, қа-сиетті айларда жасаған құлшылы-ғымыз бен ғибадатымызды қабыл етіп, екі дүние бақытына бөлесін! Амин!
Ұлан Ермекұлы,
Төлеубек қажы мешітінің 
бас имамы,
Семей қаласы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары