Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құмар ойны жайлы Құранда жазылған!
30 наурыз, 2017 жыл 6286 Басып шығару нұсқасы

    Ислам діні көптеген пайдалы ойындарды халал деп, ал кез-келген құмар ойыны араласқан ойындарды харам еткен. Құранда Аллаһ Тағала:  ُمَ لْزَْالَ وُابَصْنَْالَ وُرِسْيَمْالَ وُرْمَخْا الَمَّنِوا إُنَمَ آَينِذَّا الَهُّيَا أَي َونُحِلْفُ تْمُكَّلَعَ لُوهُبِنَتْاجَ فِانَطْيَّ الشِلَمَ عْنِ م ٌسِْرج «Ей, иман келтіргендер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар) және бал ашатын оқтар лас және шайтанның істерінен»136 дейді. Сондықтан құмар ойыны арақпен бірге айтылғандықтан арақтың бауыры болып саналуда. Бұл жерде құмар ойыны қазіргі кездегі карта ойыны ғана емес, қандай ойын болсын егер соңында бір жағы зиян шегетін болса онда ол ойын харам болмақ. Ақша, мал, т.б тігіліп ойналатын барлық ойындар осы құмар ойынына жатады. Егер асық екеш асықтың өзін ойнаған шақта ортаға екі жақ ақша тігіп, жеңгені алады деп ойнайтын болса, онда ол ойын да харам болмақ. Ендеше қазіргі ұтыс ойыны да құмарға жата ма? Ұтыс ойынының (лото) астары мынау: Бірнеше адам не мың яки миллион адам жиналып ақшаларын бір жерге жинайды. Сосын жеребе тасталып біреуі яки бірнешеуіне нөмір дөп келіп, бүкіл жұрттың жинаған ақшасын солар ғана жинап алады. Сондықтан бұл ойынның казинодан ешқандай айырмашылығы жоқ. Көптеген адамдар маңдай терін төгіп тапқан ақшасын отбасының нәпақасынан жырып, осы ұтыс ойындарына құйып жатады. Бұл дәл казино ойынындай болмаса да, соған қатты ұқсастық бар. Бұл жердегі ұтушы кездейсоқтық қана. Сондай-ақ, қазіргі кезде бір адам көлігіне ақша тігіп ұтыс ойындарын ойнатып жатады. Бұл да құмар ойындарының қатарына кіреді. Аллаһ Тағаланың құмар ойынды харам етуінде көптеген хикметтер бар. Олардың кейбірі: 1. Мұсылманның өмірі мен табысы кездейсоқ бақытқа емес, маңдайының тері арқылы болуы керек. 2. Өзгенің мал-мүлкі, дүниесі харам. Оны алудың жолы ауыстыру яки сыйлық т.б әр түрлі адал жолдар арқылы болуы тиіс. Ал, құмар – әділетсіз жол. 3. Жоғалтқан адам бергеніне разыдай көрінгенмен іштей өкініп, ұтқан адамды іштей қызғанып, көре алмағаны айқын. 4. Жоғалтқан адам ұтудың жолын іздеп, ал ұтқан адам қайтадан ұтуға тырысып ақыр соңында ойнамаса тұра алмайтын науқасқа шалдықтырады. 5. Құмарлық ойын мұсылманның құлшылығына қатты кедергі жасайды. 6. Құмарлық ойынның зияны тек ойнағанға ғана зиянын тигізбейді. Сонымен қатар қоғамға да кері әсер етіп көп ұзамай ел арасында жұмыс істемейтін құмар ойынға берілгендердің көбейюіне себеп болады137

136 «Маида» сүресі, 91 аят

137 Хайрәддин Караман. Халаллер мен харамлар. 132 бет. Станбул, 2008

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары