Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қызтекелік жайлы былай делінген...
30 наурыз, 2017 жыл 1327 Басып шығару нұсқасы

    Қызтекелік Қызтекелік – Лұт пайғамбардың елінің жасаған азғын іс-әрекеттері. Бұған Исламда және бұрынғы илаһи діндердің бәрінде тыйым салынған. Әбу Ханифа бойынша, қызтекелік үлкен күнә болып харам саналғанмен оған зина жазасын бермейді. Сондықтан Ислам мемлекетінде арнайы жаза беріледі. Бұл жерде нәсәптердің шатасуы жоқ. Мәликилер мен Ханбалилердің мықты көзқарасына қарай қызтекелік жасағандарға рәжм (тасборан) керек. Және оның үйленген яки бойдақ болуы шарт емес. Дәлел мына хадис: ِهِ بَولُعْفَمْالَ وَلِاعَفْوا الُلُتْاقَ فٍوطُ لِمْوَ قَلَمَ عُلَمْعَ يُوهُمُتْدَجَ وْنَم

«Лұт елінің ісін жасаған адамды тапсаңдар осы істі жасағанды да, жасалғанды да өлтіріңдер» – десе, басқа бір хадисте: «Үстіндегісін де, астындағысын да өлтіріңдер», – дейді255. Шафиғилар бойынша үйленген болса – тасборан жазасы, бойдаққа – жүз дүре және сүргін. Олар: إذا اتى الرجل الرجل فهما زانيان وإذا اتت المرأة المرأة فهما زانيتان «Еркек еркекпен болса, екеуі де – зинақор, әйел әйелмен болса, екеуі де – зинақор» – деген хадиске сүйенеді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары