Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жәннатқа кіруге себепші 2 амал
23 қыркүйек, 2019 жыл 5254 Басып шығару нұсқасы

Аса Меірімді, ерекше Қамқор Алла Тағаланың атымен бастаймын!

«Жүректер Алланы еске алумен жай табады» (Рағыд, 28). Алланы зікір ету арқылы, адам баласы барша әлемді жаратушы бір Алла, жақсылық та, жамандық та Алладан екеніне мойынсынып, өзінің Оның алдында дәрменсіздігін сезніп қана қоймай, Раббысының әзірлеген сыйы мен кешіріміне ие болады.

Зікір тілмен, жүрекпен және денемен жасалады. Тілмен жасалған зікір ол, Алланың көркем есімдерін, Оны пәктейтін сөздер айту, Раббысынын дұға тілеу, Құран оқу.

Денеңмен зкір ету бұл – аяғың Алланың харам еткен жерлерін баспауы тиіс, қолың, көзің басқа да барлық дене мүшеңмен тек салиқалы әрекет жасау болып табылады. Ал жүрекпен зікір етуге келсек, ол сөзіңмен де, ісіңмен де, бар жан-тәніңмен, таза жүрегіңмен Алланы шынайы еске алу. Мысалғы, дүниеауи нәрсенің барлығын ойыңнан шығарып тастап, тек ақыретті, Алланың құдіреттілгін ойлау. Бірақ, осы тұста ислам белгілеген ақырет пен бұл фәнидің ортасын ұстану керектігін де жоққа шығаруға болмайды.

Зікірдің қаншалықты құндылығын  Әбду Аллах ибн 'Амр ибн әл-'Асадан жеткен Алла елшсінің (ﷺ) хадисінен байқауға болады: «Жасауға тұрарлық екі амал бар, оны ылғи да орындайтын адам, сөзсіз жәннатқа кіреді. Дегенмен, оны ұстанатындар өте аз. Осы амалдың біреуі – әр намаздан кейін 10 рет «Субханналлаһ», 10 рет «Әльхамдулиллаһ», 10 рет «Аллаһу Әкбар» деп айту. Сонда бес уақыт намазда бұл сөздерді 150 рет қайталаған боласыз, ал оның салмағы 1500 сауаппен өлшенеді.  Екінші амал  ұйықтар алдында 33 рет «Субханаллаһ», 33 рет «Әльхамдулиллаһ» және 34 рет «Аллаһу Әкбар» деп айту. Сонда Алланың аты 100 рет айтылса, ол тарызыда 1000 сауапқа татиды». Осыны естіген бір сахаба: – Иә, Расулалла! Осыншама сауап берілетін амалдан қалайша бас тартамыз, - дейді. Алайда, олай емес. Алла елшісі (ﷺ) айтқандай: «Сендер намаз оқып тұрғанда, шайтан келіп, біресе ананы, біресе мынаны еске салып, кедергі келтіреді. Ал сендер ұйқыға жатқанда да зікір мен дұғаны айтқызбас үшін, ұйқыңды келтіреді. Осындай жағдаймен, көп адамдар бұл сауаптан құр қалатын, - көрінеді. (Тирмизи, Әбу Дәуід, Насай) Пайғамбарымыздың Әбу Заррдан жеткен хадисінде: «Таң және түнгі намаздан кейін, орнынан тұрмастан 10 мәрте: «Лә иләһә илләл-лаһу уәхдаһу лә шәрикә ләһу ләһул-мулку, уә ләһул- хамду, уә һууа ъалә кулли шәй-ин қадир (Мағынасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ: ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Мүлік Оған тән және Ол барлық мақтауға лайық. Сондай-ақ Оның күш- құдреті барлық нәрсеге толық жетеді»), - деп айтқан адамға Алла Тағала 10 сауап жазады, 10 күнәсі кешіріліп, 10 мәрте дәрежесі жоғарылайды. Күні бойы ол адам барлық жамандық атаулыдан алшақ болады. Тіпті, шайтан қасына жақындап келе алмайды», -деп өсиет еткен болатын. (Тирмизи).

Пайғамбарымыздың (ﷺ) осы бір екі хадисінің өзі зікірдің, Алланы еске алудың қаншалықты маңызды ғибадаттардан екенін көрсетеді. Алла Тағала әрбір жасаған амал, құлшылықтарымызды жақсылықтан жазғай!

Маханбетчин Берік қажы Алпысбайұлы

«Жанқұтты би» мешітінің бас имамы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары