Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бұл адамдарды үйіңе қонақ етпе
06 сәуір, 2017 жыл 4994 Басып шығару нұсқасы

Əйелдің күйеуі алдындағы міндеттерінің бірі келесі хадисте былай білдірілген: «Сендердің əйелдеріңдегі ақыларың – ұнатпаған адамдарды үйлеріңе кіргізбеуі, олармен əңгімелеспеуі», «Əйелі күйеуінің рұқсатынсыз үйге ешкімді кіргізбеуі керек». Демек, отағасы жұбайының араласатын отбасы мен адамдарын белгілеу құқығына ие. Осы қағиданы ұстанбаған жанұяда бəле іздеген кейбіреулердің ортаға түсіп, сүттей ұйып отырған отбасының берекесін алып, ерлізайыптыларды бір-біріне айдап салуы да мүмкін. Отағасының ең басты міндеті – отбасын сақтау . Сондықтан, ыстық ұясының күйін кетірерлік жағдайлардан сақтану үшін ниеті бұзық кісілердің үйіне келуін қаламауы орынды. Отағасы əйелінің əрдайым рухани жақтан кемелденіп, алға қарай дамуына жағдай жасауға да міндетті. Осы тұрғыдан əйеліне үлгі-өнеге болатын достарымен немесе жақындарымен араласуына мүмкіндік туғызып, олардың үйіне жиі келуіне қарсы шықпауы керек. Электр немесе су жүйелерінің жалдап отырған пəтер иелерінің үйге келуі бұдан тыс. Бірақ бұл жерде де əйелдің бойы жинақы, əуреті жабық болуы керек.

"Тағлым тамшылары"

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары