Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Шайтанның достары мен дұшпандары
16 қазан, 2015 жыл 327 Басып шығару нұсқасы

Дұшпандары:


1. Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с).


2. Әділ билеуші.


3. Тәкаппарлық танытпайтын және Аллаға құлшылық қылып, Алла берген нығметін қайырлы істерге жұмсайтын бақуатты адам.


4. Өз кәсібін адал, халал жүргізетін адам.


5. Ісі сөзінен алшақ кетпейтін тақуа ғалым.


6. Мұсылмандарға міндеттері мен тыйым салынған дүниелерді үйрететін, шынайы жолға бағыттайтын адам.


7. Тыйым салынғанды тыңдамайтын, тыйым салынғанға көз салмайтын, харамды жемейтін адам.


8. Тазалық сақтап, таза киініп жүретін адам.


9. Жүрегі кең, өзіне қажет бола тұра қаражатын Алла жолында жұмсайтын адам.


10. Алла разылығы үшін садақа беретін адам.


11. Құран оқитын және Құрандағы бұйрықтарды толық орындайтын адам.


12. Түнгі уақытта намаз оқитын адам.


13. Уақытында зекет беретін адам.


14. Үнемі шариғатқа сай киінетін, үнемі Аллаға бойұсынып, бұйрықтарын орындауға тырысатын әйел.


15. Аллаға құлшылық жасағанда өте шынайы, Алланы бір сәтке есінен шығармайтын адам.


Достары


1.Басшылық қызметті атқарып жүрген зұлым, өзгелерге жәбір көрсетуші. 2. Келісім жасағанда адамдарды алдайтын іскер адам. 3. Ішімдік ішетін және сататын адамдар. 4. Өз байлықтарына масаттанып, кедейлерге қол ұшын созбайтын байлар. 5. Жала жабушылар, өсек тасушылар, сондай-ақ өздерінің ғайбаты арқылы


адамдар арасындағы алауыздықты арттырушылар. 6. Адам өміріне қол сұғушылар. 7. Жетімнің ақысын жейтіндер.


8. Өсімқорлықпен табыс табатындар.


9. Дүние істеріне баса көңіл аударып, соның соңына түсетіндер.


10. Күнәлары үшін тәубесіне келуге асықпайтын, күнә жасауын жалғастырушы жандар.


11. Жеңіл жүрісті құп көретін, әйелдердің ерлерді азғыруына ықпал жасайтын адамдар.


Қарағанды облыстық орталығы


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары