Қарағанды 18:32 Шам
  • 06:48 Таң
  • 08:12 Күн
  • 13:27 Бесін
  • 16:43 Екінті
  • 18:32 Шам
  • 19:57 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

АБАЙДЫҢ НАМАЗЫ

Исі қазақ оны Абай деп біледі. Ал, дінді жанына серік еткен әкесінің оған азан шақырып қойған есімі Ибраһим еді. Абай бала күнінен медреседе молдадан дәріс алып, діни хат таныды. Жалпы, тарихқа көз тастасаңыз, қазақ зиялыларының баршасы дерлік діни сауатты болған. Олардың медреседе алған тәлімі шығармаларына өзіндік бояу бергенінен-ақ байқауға болады.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы – қазақтың маңдайына біткен біртуар тұлға. Алайда, қазақ халқы Абай сынды кемеңгер діндарға ешуақытта кенде болмаған. Қазақ елінің әр атырабында Абайдай даналар көптеп кездеседі. Өкініштісі олардың діни еңбектері мен шығармалары елге насихаттап, жарыққа шығару жоқтың қасы. Ондай ғұлама-ғалымдардың еңбегін зерттеу күні бүгінге дейін кезек күттірмес мәселе. Алайда, біздің айтпағымыз басқа жайт.

Абай шығармасында дін тақырыбы ерекше орын алады. Ғақлиясынан алынатын діни ғибрат көп-ақ. Әсіресе, сенім мен әдепке қатысты аят пен хадистерді қазақи мәнерде түсіндіреді.

Оның ғақлиятында ғибадат тақырыбы да қозғалады. Отыз сегізінші қара сөзінің соңында намаз жайлы әңгіме бар. Дәлірек айтқанда, намаздың ішкі сырын сөз етеді.

 

Асылы – Алла тағаланы тану

 

Абай былай дейді: «...Белгілі, Құдай тағала ешбір нәрсені хикметсіз жаратпады, ешбір нәрсені хикметсіз тәклиф қылмады. Бәрінің хикметі бар, бәрінің себебі бар, біздің ғауам былай тұрсын, ғылымға махаббаты барларға себеп, парыздарды білмекке ижтиһат ләзім.[1]».

Абайдың бұл сөзінің қайнар көзі Құран екені анық. Адамзаттың жаратылу мақсаты жайлы Алла тағала: «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым[2]», – деп әмір етуде.

 

Ниет, амал және иман  

 

«Сіздер әрбір ғамал қылсаңыз езгулік деп қаласыз, езгулікке бола қасд етіп ниет етесіз. Ниет оның парызынан хисап, пайғамбарымыз () хадис шарифі: «Инна ағмал бин нийат» деген...

Бұл – барлық ғибадаттың негізі саналатын хадис. Аталмыш хадис ниетке байланысты пайғамбарымыздың (ﷺ) өсиеті. Омар бин Хаттаб (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Расында амалдар ниетке жараса болады. Әрбір адамға өзі ниет еткені болады...[3]», – делінген. Ия, адам баласы қандай амал істесе де, Алла құзырында оның қалбындағы ниеті ескеріледі. Шариғатымызда барлық амалдардың бірінші шарты – ниет. Жақсы да ізгі амалға тек жүректен шыққан шынайы ниет түрткі бола алады.

«Енді ниет еттіңіз таһарат алмаққа, намаз оқымаққа, руза тұтпаққа, бұл тағаттарды ниетіңіз заһирынан қалып сыр, ғибадатқа жетпегендігі кемшілік емес пе? Сіздің батиныңыз таза болмағы ол иман болып, бұл заһир ғибадатыңыз иманды болған соң ғана, парыз болған, сіздің заһирыңыздағы ғибадат – батиныңыздағы иманның көлеңкесі, һәм сол иманның нұрланып тұрмағына көрік  үшін бұйырылған. Оның үшін ғұламалар иман екеу емес біреу, бір-ақ езгу тағат бірлән нұрланады, тағат жоқ болса күңгірттенеді, бәлки сөну қаупі де бар деген. Егер надандар ол ғибадаттың ішкі сырын ескермей қалса, соны қылып жүріп, иманы сөнер деген».

Міне, осы арада Абай иман мен амалдың ара-жігін нәзік те шебер түрде ажыратып беруде. Хәкім Абай өз сөзін иманға қатысты аят пен хадистерге және ғұламалар еңбегіне сүйеніп айтып тұрғанында күмән жоқ. Мәселен, Әбу Ханифа (р.а.): «Сондай-ақ, иман амал емес, амал иман емес. Өйткені, көп жағдайда мұсылман баласының мойнынан амал түсетін кездер болады...

Амал – иманның көрсеткіші, бірақ оның бір бөлшегі емес[4]»,– дейді. Бұл –  әһли сунна уал жамағат ғұламаларының иман мен амалға қатысты ұстанымы. Құран мен сүннеттің нұсқауы.

 

Намаз – дұға

 

«...Ол ғибадат күзетші еді. Жә, күзетші күзеткен нәрсенің амандығын ойламай, бір ғана ояту тұрмағын, қалс қылса, ол не күзет? Күзеткен нәрсесі қайда кетеді? Мақсат күзетілген нәрсенің амандығы, тазалығы емес пе? Ей, ишараттан хабарсыздар, қара! Бұл ғибадаттан бір үлкені – намаз. ... Енді намаздың аты – салауат, салауат дұға мағынасында деген...»

Шын мәнінде, намаз (салауат) сөзінің түп төркіні – дұға, тілек жасау болып табылады. Фиқһ кітабында[5]: «Салауат сөзінің тілдік мағынасы – дұға. Ол жайлы Құранда:«... Оларға дұға қыл. Өйткені сенің дұғаң олар үшін бір тоқтау...[6]» десе, хадисте: «Сендерге періштелер дұға (салауат) етеді[7]», – деген. Ия, намаз – дұға атаулының ең ұлығы. Барлық дұға мен құлшылықты бойына жиған ғибадат – намаз.

Ғибадат иманды күзетуші, бірақ иманның өзі емес екендігін Абай өте шебер түсіндіруде. Әсілі, иман мен амал – шариғатымызда ең нәзік мәселелердің бірі.

 

Такбир тахриманың сыры

 

«Намаздан әуелі құлақ қақтыңыз – кіршә Алла тағаланы жоғарыда деп, мәкан испат етпесең де, бегірек созу әдепсіз болып, күнә дариясына ғарық болдым, яғни дүние әуесіне ғарық қылмай қолымнан тарт, яғни құтыларлық жәрдемдерінің ишараты».

Осы арада екі мәселе қозғалып тұр. Бірі – Алла тағаланы мекенге мұқтаж еместігін үйрету. Бұл – сенімге қатысты.

Екіншісі – намазға кіріскенде басбармақты құлақ жұмсағына тигізу. Бұл – фиқһ мәселесі. Уаил бин Хужр (р.а.) Пайғамбардың (ﷺ) намаз бастағанда тәкбір айтып қолдарын құлақ тұсына көтергендігін суреттейді[8].

Ал, бірінші мәселеге қатысты хазіреті Әлиге (р.а.) біреу: «Біздің Раббымыз Аршыны жаратпас бұрын қайда болды?– деп сұрақ қойғанда, Әли (р.а.): «Мекен жайлы сұраққа жол болсын! Алла тағала мекен және заман атауы болмас бұрын болған емес пе. Ол Алла қазір де сол әуелгі күйде[9]», – деп жауап қайырған. Бұл турасында Абай Хакімнің өзі де:

Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер...

Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес...[10], – деген емес пе?

Ал, Жағфар Садық (р.а.): «Таухид үш негізге сүйенеді. Ол: Алланы ешнәрсе(ден) еместігін, ешнәрсенің ішінде еместігін, ешнәрсенің үстінде еместігін ұғынуың. Өйткені, Алла тағала «бір нәрседен» деуші Алла тағаланы жаратылған деп таныған боп, кәпір болады. Алла тағаланы «бір нәрсенің ішінде» деуші Алла тағала шектеулі (алты тарапқа тәуелді) деп танып, кәпір болады. Ал, кімде-кім Алла тағаланы «бір нәрсенің үстінде» деп сипаттаса, Алланы бір нәрсеге мұқтаж және көтеріліп тұр деген боп, кәпір болады[11]»,-деген.

 

Құл қожасының алдында тұрған кейіпте – қол байлау

 

«Онан соң қиамда тұрып қол бағламақ – құл қожа алдында тұрмақ, бұқара патша алдында тұрғанынан артық Алланың қадірлілігіне өзінің ғажиздығына ықрарының беріктігін көрсеткен ишараты».

Иә, намаз оқушы ерекше әдепті кейіпте тұрады, хадисте: «Үш амал пайғамбарлар сүннеті: ауызашарды жылдамдату, сәресіні кешіктіру және оң қолды сол қол үстіне кіндік астына байлау[12]»,– деп айтылған. Сондай-ақ, хазіреті Әлидің (р.а.) : «(Намазда) оң қолды сол қолдың үстіне қойып, кіндік астына байлау намаз сүннетінің бірі[13]», – деп айтқан сөзі бар.

Сонымен қатар, бұл арада «ихсан» мәселесі қозғалып тұр. Риуаятта: «Жәбірейлі (ғ.с.) пайғамбардан (ﷺ): «Ихсан жайлы айтып берші?,-дейді. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Алла тағаланы көріп тұрғандай құлшылық етуің. Бірақ, сен Оны көрмесең де шын мәнінде Алла сені көріп тұрады[14]»,-деп түсіндірген. Бұл арада құлшылық қалпы Алла үшін болуы қажеттілігі айтылуда.

 

Құбылаға бет түзеу

 

«Қыблаға қарамақ – кіршә, Құдай тағалаға ешбір орын мүмкін емес болса да зиратын парыз еткен орынға жүзін қаратып, сондағы дұғадай қабылдыққа жақын болар ма екен деген ишараты».

Құран Кәрімде:«Және қайдан жолға шықсаң да жүзіңді Мешіт Харам жаққа қарат. Әй, мүміндер! Қайда болсаңдар да (намазда) жүздеріңді солай қаратыңдар!...[15]». Намазда құбылаға бет түзеуіміз – тікелей Жаратқанның жарлығы. Сонымен бірге, ниетте Алла тағала мекенге тәуелсіз деген бек сенім болуы қажет.

 

Фатиха оқу

 

«Онан соң қирағат, яғни сурәһи фатиха оқисың, мұнда бірақ сөз ұзарады. Ол фатиха сүресінің мағыналарында көп сыр бар. Рукуғ бас ұрмақ – алдында Құда хазірге ұқсас, ол да – ишарат. Сәжделер әуелі жерден жаралғанына ықрары, екіншісі және жерге қайтпағына ықрары, бас көтермек және тіріліп, сұрау бермегіне ықрарының ишараты»

Құран Кәрімде: «Одан (топырақтан) сендерді жараттық. Оған қайтарамыз да екінші рет содан шығарамыз[16]»,-деп айтылған.

 

Аталардан қалған асыл дін

 

«Қадағату л-ахир – дұғаның ақырында Аллаға тахайат одан тәшәһһуд одан салауат, пайғамбарымызға () айтпақ үшін ең ақырғы сәлем бірлән тауысасыз, яғни Алла тағаладан не тілеп дұға қылдыңыз. Ол дұға қазинасы күллі мұсылмандарды ортақтастырып, оларға да сәләмәтшілік тілеп һәм рақымет тілеп бітіресіз. Жә, бұл сөзден ғибрәтлендік?!» 

Аталмыш ғақлияда намаздың рухани жағы әңгіме етілген. Бұл намаз тек үнсіз қимылдан құралған құлшылық емес, оның әрбір әрекетінің мән-мағынасы барын ұқтыруда. Осы арада қазақтың ханафи мектебі бойынша тәлім алғанын, сенім бағытында хақ әлһи сунна бойынша жүргенін аңғару қиын емес. Абай сынды ғұламалар аят пен хадисті халыққа ұғыныңқы және оңай тілмен түсіндіру жолын  ұстанды. Басқаша айтқанда, дінді толығымен дәлелге сүйене отырып, шариғатты ақиқаттан бір сүйем де ауытқымай жеткізді. Иә, Хакім Абайдың намазы осы.

Ендеше, ей, Қазақ жастары! Атаңнан қалған діни мұраның құны мен қадірін біл. Әрі үлгі һәм мақтан тұт.

 

Руслан Қамбаров

MUSLIM.KZ

 


[1] Абай, 2-том, 38-қара сөз, 152-бет (Алматы, «Жазушы» 1986ж.)
[2] Зәрият сүресі, 56-аят
[3] Бұхари, Муслим
[4] Бабирти, Шархул-Уасыя лил имам Әбу Ханифа, 52-бет
[5] Әл-Ихтияр, 1-кітап, 56-бет
[6] Тәубе, 103-аят
[7] Мирқат Мафатих шарх Мишкатил Масабих
[8] Әл-Лубәб, 69-бет
[9] М.Насафи, Бахрул-Калам, 117-бет
[10] Абай, 1-том, 247-бет (Алматы, «Жазушы» 1986ж.)
[11] М.Насафи, Бахрул-Калам, 117-118беттер
[12]Әл-Ихтияр, 1-кітап, 74-бет, Табарани
[13] Ахмед, Дарақұтни
[14] Муслим
[15] Бақара, 150-аят
[16] Таха сүресі, 55-аят

muslim.kz
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    11 ақпан 2019 жыл Сүндеттеу -сүннет амал
    06 ақпан 2019 жыл МАСКҮНЕМДІ ӘУЛИЕ ЕТКЕН БІР АУЫЗ СӨЗ
    Рухани дін алыптарының бірі Бишр Хафи хижри 150 (милади 757) жылы Мерв деген қалада, отырықшы отбасында дүниеге келді. Бағдат қаласында өмір сүріп, хижри 227 (милади 841) жылы өмірден өтті. Өз дәуірінде хадис ғалымдарының бірі болған Бишр Хафи жас кезінде ішімдікке әуестеніп, уақытын бекерге өткізетін.
    06 ақпан 2019 жыл ӨТЕ ӘСЕРЛІ ОҚИҒА
    30 қаңтар 2019 жыл АБАЙДЫҢ НАМАЗЫ
    28 қаңтар 2019 жыл ЕҢ АРЗАН ЕМ
    © 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика