Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Айналаңыздағы жеті түрлі қорлықтан сақ болыңыз!
11 сәуір, 2017 жыл 1075 Басып шығару нұсқасы

Қазақ халқы өз танымында мынадай жеті түрлі қорлықтың қатарында: жалақорлық, мансапқорлық, жемқорлық, дүниеқорлық, зинақорлық нəпсіқорлық, парақорлықты да атауы тегін емес. Қолында биліктің тетігі бар лауазымды тұлғаны өз мүддесіне əрекет етуге көндіру мақсатында оған заңсыз сыйақы ұсынуды немесе өзгедей қызмет көрсетуді «пара беру» дейміз. Пара – табан ақы, маңдай терсіз келетін арам ақша мен дүние. Қара жолдың бойында иесіз көлденең жатқан оңай олжаға кенелуден бұрын бір ауық «бұл неғылған батпан құйрық?» деп

ойланған жөн. Оны бергеннің де, алғанның да оңбайтынын Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) хадисінде: «Пара беруші де, пара алушы да тозақта», – деп анық айтқан. Парақорлық – қоғамда адамгершілік пен діни сана-сезімінің кемуіне кереғар дамитын керітартпа кеселдің бірі. Бұл тек жекелеген адамдардың ісі емес, ол қоғам өміріндегі тыныштық пен қауіпсіздікті тұрақсыз, тұрлаусыз қылатын, қилы-қилы келеңсіздіктерге жол ашатын қауіпті қылмыс. Парақорлық, жемқорлық меңдеген қараңғы қоғамнан əділдік пен шындықты, ізгілік пен сүйіспеншілікті шам алып іздесең де таппайсың. Парақорлықтың кең етек жаюының себебi адамгершiлiк, əділдік секілді құндылықтардың ақшадан төмен бағалануында болса керек. Жең ұшынан жалғасып, «бармақ басты, көз қыстымен» қол жеткізген игілікте, мүлікте береке болмасы анық, онда кісінің ақысы мен көз жасы бар. Қу құлқынның қамы үшін пара алған жан қызмет бабын асыра пайдаланып, əділдіктен бұра тартқан залым болмақ. Ислам діні əманда туралықты жақтайды, біреудің ала жібінен аттауды жəне қиянат жасауды қостамайды. Мұндай іс-əрекеттен тыяды. Сондықтан, дініміздің қағидалары арқылы парақорлық, жемқорлыққа түбегейлі тосқауыл қойылған. Өкініштісі сол, елімізде сыбайлас жемқорлық кең етек алған үйреншікті іске айналғаны жасырын емес. Елді жайлаған жемқорлық жегі құрттан бетер қарқын алып, əділеттілік пен туралық секілді ізгі қасиеттерді жалмап барады. Өйткені, пара алып үйренген мемлекеттік қызметкер көбіне өз қызметін адал атқармайды, заңды сыйламайды, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінбейді. Мұндай қылықтар қалың көпшіліктің наразылығын тудырып, билікке деген сенімсіздікке итермелеуде. Мұның ақыр соңы бірліктің, елдіктің, тұтастықтың жігіне сына қағып, мемлекетке орасан зор ақшалай жəне рухани тұрғыда зардабын тигізуде. Бұл тығырықтан шығуға əрбір саналы азаматтың əділдікті жақтап, қоғам өмiрінде белсенділік танытуы арқылы, яғни құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуын, заң шеңберінде қорғалуын талап етуі нəтижесінде қол жеткізуге болады.

"Ала жіпті аттама"

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары