Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Істеген амалыңа мұқият бол!
17 қыркүйек, 2019 жыл 895 Басып шығару нұсқасы
  1. Таң рауан атқанда бір сәт отырып, Алладан кешірім сұра: «Олар сабыр етушілер, шыншылдар, бой ұсынушылар, Алла жолында мал сарып қылушылар және таң сәріден жарылқану тілеушілер, (таң намазын оқушылар)» (Әли Имран сүресі,17-аят);
  2. Жалғыз қалып дүниенің кереметтерін ойлау үшін уақыт бөл: «Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (әр халде) Алланы еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: «Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың, Сен пәксің, бізді от азабынан сақта!» (Әли Имран сүресі, 191-аят);
  3. Діни көзқарасы дұрыс адаммен әңгімелес: «(Мұхаммед Ғ.С.) таңертең, кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігінің сәнін қалап көзіңді басқаға аударма. Сондай-ақ Біз, жүрегін, Бізді еске алудан кәперсізденген, әуесіне ерген және ісі шектен асқан біреулерге бағынба» (Кәхф сүресі, 28-аят);
  4. Алланы есіңе ал: «Әй мүміндер! Алланы өте көп зікір етіңдер» (Азхаб сүресі, 41-аят), «Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (әр халде) Алланы еске алады. Сондай-ақ, олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: «Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың, Сен пәксің, бізді от азабынан сақта!» (Ниса сүресі, 191-аят), «Әй мүміндер! Қашан бір (жау) топпен қарсылассаңдар мықты болыңдар да Алланы көп еске алыңдар, әрине құтыласыңдар» (Әнфал сүресі, 45-аят);
  5. Парыз етілген және нәпіл намаздарын шын ықыласпен ден қойып оқы: «Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады» (Муминун сүресі, 2-аят);
  6. Аптап ыстық күндері ораза тұт: «Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар» (Бақара сүресі, 183-аят);
  7. Құранды мәнерлеп, мазмұнына көңіл бөліп оқы. Оқығаныңа ден салып қара: «Әйтпесе олар, Құранды түсінбей ме? Немесе олардың жүректері құлыптаулы ма? Мухаммед сүресі, 24-аят);
  8. Жасырын түрде қайырымдылық жаса: «Садақа беретін адам сондай шын ықыласпен беру керек, тіпті оның оң қолы берген садақаны сол қолы білмеуі қажет» (хадисти Абу Хурайра жеткізген, аль-Бухари);
  9. Қарындас, туған бауырларыңа діни сауат айтып, жолын жеңіл етуге көмектес: «Үгітте! Өйткені үгіт мүміндерге пайда береді» (Зарият сүресі, 55-аят)
  10.  Бұл дүниенің игіліктеріне немқұрайлық танытып, орнымен жұмса: «Расында олардың қайтар жері Біз жақ. Сосын сөз жоқ. Олардың есебі Бізге тән» (Ғашия сүресі, 25,26-аяттар).

 

Қалмағанбетов Нұржан Оңғарұлы

«Бала қажы» мешітінің наиб имамы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары