Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҚҰЛ ҮШІН ЕҢ ҚАЙЫРЛЫ НӘРСЕНІ СІЗ ДЕ БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ...
12 сәуір, 2017 жыл 689 Басып шығару нұсқасы

Салтай Сайранұлы

Убада ибн Самит (р.а.) былай дейді:

Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.у.) түйесінің үстінде, сахабалары болса алдында кетіп бара жатты. Жабир ибн Абдуллаһтың айтуынша, Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір жерге барса, сахабалар Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алдына түсетін де, артқы жақтарын періштелерге қалдыратын (Ахмад бин Ханбал, Мүснәд, ІІІ, 302).

Сол кезде Муғаз бин Жәбәл:

 – Уа, Алланың Елшісі! Сізді мазаламасам, жаныңызға жақындауға рұқсат бересіз бе? – деді.

Пайғамбарымыз да (с.а.у.):

– Кел, жақында! – деді.

Муғаз да жақындап келіп:

– Сіз үшін жаным пида, уа Алланың Елшісі! Аллаһ Тағаладан біздің аманатымызды (жанымызды) сізден бұрын алуын тілеймін. Аллаһ сақтасын, егер сіз бізден бұрын дүниеден озсаңыз, сізден кейін қандай ғибадаттар қылайық? – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сұраққа жауап бермеді. Жауап болмаған соң, Мұғаздың өзі:

– Аллаһ жолында жиһад етейік пе? – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді:

Аллаһ жолында жиһад жақсы нәрсе, бірақ адамдар үшін бұдан да қайырлысы бар.

– Яғни, ораза ұстап, зекет беру ме?

– Ораза ұсатап, зекет беру де жақсы.

Сол кезде Мұғаз адам баласының жасауына болатын барлық жақсылығын санап шықты. Бұған Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Адамдар үшін бұдан да қайырлысы бар, – деп тұрды.

Мұғаз:

– Әкем мен шешем саған құрбан болсын, адамдар үшін бұлардан да қайырлы не болуы мүмкін? – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ауызын нұсқап:

– Жақсылықты сөйлемейтін болса, үндемесін, – деді.

Мұғаз:

– Сөйлегендерімізден де есепке тартыламыз ба? – деп сұрады.

Хадисті риуаят еткен Убада ибн Самит былай деді:

– Бұл сұрағына Пайғамбарымыз Мұғаздың аяғынан ұрып:

Аллаһ қайырын берсін, Мұғаз! Адамдарды Жәһәннамға сүйрелейтін тілінен басқа не болуы мүмкін? Кім Аллаһ Тағалаға және Ақырет күніне сенетін болса, не пайдалы дүние айтсын, немесе үндемесін. Пайдасыз, зиянды сөз сөйлемесін! Сендер қайырлы сөз сөйлеп, табысқа кенеліңдер. Зиянды сөзден қашып, амандыққа қауышыңдар! – деді (Хаким, әл-Мүстадрак, IV, 286-287).

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары