Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Осылай ұйықтаған адам ауруға шалдықса өзінен көрсін
13 сәуір, 2017 жыл 9813 Басып шығару нұсқасы

     Тазалық деген кезде адам баласының ойына бірінші ретте сыртқы тазалық оралады. Осыған байланысты Пайғамбарымыз да мұсылмандарды өзінің жеке басы, үйі, тіпті қоршаған ортаның да тазалығына мән беруге шақырады. Ислам дінінде жеке бастың тазалығына қатысты өте көп үкімдер айтылған. Сол үшін дәрет алуды, ғұсыл құйынуды әмір етеді. Сондайақ Пайғамбарымыз ғұсыл құйынуға ешқандай себеп болмаған жағдайда да мұсылманның аптада жоқ дегенде бір мәрте жуынуын бұйырған: «Жұма күні жуыну балиғат жасына кірген әрбір азамат үшін сүннет»176, «Жұма намазына келгендер жуынып келсін»177 деген хадистерімен дененің тазалығына мән беруді өсиет етеді. Дәрет бұзылмаған жағдайда сол дәретпен келесі намазды оқуға рұқсат бар бола тұра, Пайғамбарымыз әрбір намазды жаңа дәретпен оқыған. Дәрет алу барысында асықпай, дәрет мүшелерін толық жууды ескерткен. Хадистері арқылы адам баласының дәрет алған сайын сол дәрет мүшелерімен жасаған күнәларының кешірілетін білдірген178. Ал ақырет күні үмбетінің дәрет мүшелерінің жарқырап, басқа үмбеттерден ерекшеленіп тұратынын айтады179. Ұйқыдан оянғанда ең бірінші қолды жууды әмір етіп, былай дейді: «Түнде қолдарыңды қайда жүгірткендеріңді білмейсіңдер»180. Тамақтан бұрын және кейін қол жуумен қатар, сүт секілді майлы нәрселерді ішіп-жегенде де ауыздың шайылуы керектігін айтады. Әсіресе ұйықтар кезде қолдың таза болуын және дәретпен жатуды, осылайша жатар алдында дәрет мүшелерінің, соның ішінде аяқтардың да жуылуына мән береді. Ал жатқан кезде қолын жумай, май иісті қолымен жата салған адамға арнап: «Қолындағы тамақ иісімен ұйықтаған адам қандай да бір ауруға шалдықса, кінәны өзінен ғана көрсін» дейді.

"Исламдағы бала тәрбиесі"

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары