Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қолыңнан келсе, еңбектен!
30 шілде, 2013 жыл 185 Басып шығару нұсқасы

Тәкаппар билеушілерМәдиналық мұсылмандардың бiрi Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келiп, көмек сұрайды. Ол мұсылманнан: - Үйiңде ештеңе жоқ па? - деп сұрақ қояды.
Әлгi кiсi:- Бiр жағын үстiмiзге жамылып, бiр жағын астымызға төсеп жүрген көрпе мен су iшетiн ыдыс қана бар, - дейдi.
Пайғамбар (с.ғ.с.):- Бар, соларды маған алып кел, - деп қайтарып жiбередi. Аз уақыттан соң ол заттарды алып келедi.
Пайғамбар (с.ғ.с.):- Мынаны кiм сатып алады? - деп сұрайды.
Мұсылмандардың бiрi:- Мен бұларды бiр динарға сатып аламын, - дейдi.
- Одан көп беретiн адам бар ма?
- Мен екi динар беремiн, - дейдi бiреу.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екi динарды әлгi кiсiге берiп:- Бiр динарға отбасыңа жейтiн бiр нәрсе ал, бiр динарға балта алып, маған кел, - дейдi. Оның алып келген балтасын Аллаһтың елшiсi (с.ғ.с.) өз қолымен саптап берiп:- Ендi таудан отын кесiп әкелiп сат. Он бес күндей сенi бұл жерден көрмейтiн болайын, - дейдi.
Ол адам он бес күннен кейiн келедi. Он бiр динар тауып, жартысына тамақ, жартысына киiм алған екен.
Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):- Осылай енбектенiп, тапқаның қайыршылық жасаудан әлдеқайда артық. Қолыңнан iс келе тұра тiлемсектенiп, бiреулерден жәрдем сұрау ақыретте жүзiңе қара дақ болып жағылады, - дедi.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары