Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Уайым-қайғыдан арылтатын тағам екен
14 сәуір, 2017 жыл 522 Басып шығару нұсқасы

     Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ауырған адамдарды емдеу барысында жейтін тағамына көп көңіл бөлетін. Мұны қазіргі тілмен диета сақтау десек те болады. Егер біреудің ыстығы көтеріліп ауырса, оған дереу ұн, су және май қосып сорпа жасап ішкізуді туыстарына ескертетін. «Сорпа аурудың жүрегіне қуат береді, бейне бір сумен беттің кірін тазалағаны секілді сорпа да ауруды айдайды» – деген208. Осы айтылғанды бұлжытпай орындаған алғашқы мұсылмандар үйлерінде біреу ауырып қалса, дереу сорпа қайнатып ішкізетін. Хазірет Айша (р.а.) жанұяларында ауырған жан болса, сол жазылғанға дейін немесе қайтыс болғанға дейін ошақтарында үнемі сорпа қайнап тұратынын айтқан. Сонымен қатар Пайғамбарымыз ауырған адамдарға «тәлбинә» деген, сүт, ұн, бал қосылып жасалған сорпаны ішкізуді де бұйырған. Ол жайында: «Тәлбинә ауырған адамның жүрегіне тыныштық беріп, уайымқайғысын басады» деген209. Ал енді ғана ауруынан айыққан адамдаарға тәттіге көп әуес болмауды ескерткен.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары