Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бұрынғы күнәларың кешірілгенін қалайсың ба?
15 сәуір, 2017 жыл 1405 Басып шығару нұсқасы

     Бұхари мен Мүслімнің Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізген риуаятында Алланың Елшісі (с.а.с.): «Кімдекім рамазан оразасын шынайы иманмен сауабынан үміт еткен түрде тұтса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі», – деген. Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Күнделікті бес уақыт намаз, жұма намазы келесі жұма намазына дейін, рамазан оразасы келесі рамазан оразасына дейін осы аралықтарда жасалған күнә-қателіктерді, егер пенде үлкен күнәлардан сақтанса, кетіреді», – деген. Мүслім риуаят еткен. Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Сендерге берекелі ай рамазан келді. Даңқты һәм Ұлық Алла сендерге осы айда ораза тұтуды парыз етті. Осы айда аспан қақпалары ашылып, тозақ қақпалары жабылады да, шайтандар кісенделеді. Осы айда Алланың мың айдан артық бір түні бар. Кім сол түннің қайырынан қалып қойса, көп нәрседен мақұрым қалады», – деген. (Ахмет риуаят еткен).

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары