Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қадір түнін дұрыс өткізу
15 сәуір, 2017 жыл 461 Басып шығару нұсқасы

    Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім Қадір түнінде шынайы иманмен, сауабынан үміт етіп ғибадат қылса, оның бұрынғы күнә-қателіктері кешіріледі», – деген. (Бұхари мен Мүслім риуаят еткен). Ал енді Қадір түнінде оқылатын дұғаларға келсек, Айша анамыз (р.а.) Алланың Елшісінен (с.а.с.): «Уа, Расулалла! Қадір түні екенін білсем не деймін? – деп сұрағанда, ол (с.а.с.): «Уа, Алла! Сен Кешірімдісің және кешірім еткенді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!» деп айт»,– деген. نَ عُ اعْمف َ فَ ْمو فَ الْمع ُّ بُِ تٌّ وُ فَ عَ كَّ نِ إَّ مُ هَّالل Оқылуы: «Аллаһумма иннака ъафуун тухиббулъафуа фаъфу ъанни» Жалпы хадистерде Жаратқаннан ғафу-кешірім мен амандық-саулық тілеу керектігі жөнінде көп айтылған. Қадір түні зікір-дұғаларды көп айту қажет. Төменде әр-дайым оқылатын дұға-тілектердің кейбір үлгілері берілді.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары