Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тәубе қылам деушіге, әрқашан уақыт кеш емес
01 тамыз, 2013 жыл 278 Басып шығару нұсқасы

Тәубе қылам деушіге, әрқашан уақыт кеш емесОраза Ас-саум араб тілінен аударғанда өз нәпсісін тыю, жаманнан алыстау, ішіп жеуден нәпсі қалауларынан тыйылу деген ұғымды білдіреді. Ораза міндеттелген себебі мынандай бір деректер бар. Аллаһ тағала ақылды жаратып оған «Қара»! –деп бұйырады ол мойынсынып қарайды. Содан тағы «бұрыл» деп әмір етеді, ол бұрылады. Аллаһ одан сұрайды: ей ақыл мен кіммін, сен кімсің? –деп, сонда ақыл: сен менің Раббымсың, ал мен сенің әлсіз құлыңмын- дейді, сонда Аллаһ: ей ақыл, мен сенен артық жаратылыс жаратпадым-деген, яғни (ақылмен) адам басқалардан үстем, осы ақылдан кейін Аллаһ нәпсіні жаратып, оған әмір етеді. Қара-деп, ал нәпсі болса, еш жауап бермей бойұсынбайды, сонда Аллаһ тағы: ей нәпсі, мен кіммін сен кімсің?-дейді, сонда нәпсі: мен ол мен, ал сен ол сен –деп Аллаһ Тағаланы құдай деп мойындамайды. Сонда Аллаһ оны 100 жыл тозақ отына жағып, қайтадан шығарып сұрайды мен кіммін, сен кімсің –деп сонда нәпсі тағы да мойындамай, алғашқында жауап бергендей жауап қатады. Сонда Аллаһ оны ашаршылық отына 100 жылға тастайды, содан кейін барып қайтадан шығарып сұрайды: мен кіммін, сен кімсің?-деп сонда ғана ол, сен менің Раббымсың, ал мен сенің әлсіз құлыңмын-деп мойындаған екен. Сол себепті ораза міндет болған деген. Адам ораза ұстаумен қарны ашып, әлсіреп жаман ойға, нәпсінің қалаған ісіне бармайды екен, себебі ораза көп күнәдан сақтайды, әрі тозақ отынан сақтаушы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ораза ауыз бекітушіні күнәлардан тозақтан қорғайтын қалқан-деген.
Әрі бұл рамазан айы-тәуба айы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: әрбір Рамазан түнінде Аллаһ тағала үш мәрте дауыстайды: Менен сұраушылар бар ма? сұрағанын берейін, тәуба етушілер бар ма? тәубаларын қабыл етейін. Кешірім сұраушылар бар ма? күнәларын кешірейін дейді. Сондықтан қай пендесі шынайы тәуба етіп, кешірім сұраса Аллаһ тағала оның күнәларын кешіреді. Оған мынадай хикая бар: Мұса (ғ.с.) заманында қатты жұт болып, жауын-шашын жаумай егіндері қурап адамдар қиыншылыққа түседі, сөйтіп 70 мың адам Мұса (ғ.с.) үйінің алдына жиналып, Алладан жаңбыр тілеуін сұрайды. Негізі пайғамбарлардың дұғалары тез арада қабыл болатындықтан, Мұса (ғ.с.) сонда қолын жайып, Алладан дұға етеді. Дұға жасап біткен соң, күн одан сайын ыси түседі, Мұсаның (ғ.с.) бір күдігі болып: я Алла, біз сенен жаңбыр сұрадық, бірақ жаңбыр бермедің ғой дейді. Сонда Аллаһ тағала: ей Мұса, сендердің араларыңда 40 жыл бойы күнә жасап келе жатқан пенде бар, соның кесірінен осындай жұт бердім, әрі жаңбыр жауғызбай тұрмын, сол адам араларыңнан кетсін сонда ғана жаңбыр берем дейді. Сонда Мұса (ғ.с.) я Аллаһым, менің жасым да келді, күш қуатым да кеткен, мына халыққа сөзімді қалай жеткіземін дейді. Сонда Аллаһ тағала: ей Мұса, сен айт біз жеткіземіз дейді. Сонда Мұса (ғ.с.) 70 мың халыққа бұрылып, ей халайық араларыңызда 40 жыл бой күнә жасап келе жатқан пенде бар, соның кесірінен Аллаһ тағала осындай жұт беріп, жаңбыр бермей тұр сол адам арамыздан шықса ғана жаңбыр беретінін айтты, ей күнәһар арамыздан шық деді. Сол кезде Мұса (ғ.с.) дауысы Алланың құдіретімен барша жұртқа естілді. Біраз уақыт өтеді бір ақ күнәһар адам араларынан шықпайды. Сол сәтте бір адам жан-жағына қарап ол күнәһар өзі екенін 40 жыл күнә істегенін есіне түсіріп, енді шығайын десе халықтың алдында ұятқа қалады, шықпайын десе жауын жаумайды не істерін білмей ақыры бетін шапанымен жауып, дұға жасайды. Я Рабби қырық жыл күнә істедім, ал енді тәубе еттім, мені кешірші, мына халықтың алдында ұятқа қалдырмашы,- деп шынайы тәубе етіп көз жасын көл қылады. Дұғасын жасап бітпей жатып жаңбыр нөсерлеп жауды, ел қуанып тарай бастағанда Мұса (ғ.с.) Алладан сұрайды: я Раббым, сен бізге жаңбыр бердің, бірақ күнәһар адам арамыздан шықпады ғой дейді. Аллаһ: ей Мұса, ол адам менен кешірім сұрап шынай тәубе етті, мен оны кешірдім деді. Мұса (ғ.с.) я Раббым күнә жасап, тәубесіне келген ол пендеңді маған көрсетші дейді, сонда Аллаһ тағала: ей Мұса, ол адам қырық жыл күнә істегенде мен оның күнәсін ешкімге көрсеткен жоқпын, ал енді тәубаға келіп, кешірім сұрағанда неге ол адамды айтып ұятқа қалдырамын деп ол адамды айтпаған екен.
Сондықтан, пенде шынайы тәубеге келсе, Алланың рахым, мейірім есіктері ашық екенін ұмытпау керек. Әрі сол тәубеге келетін ай - айлардың сұлтаны Рамазан екенін естен шығармай, бұл айда көп ізгі амал жасап, тәубеге келіп, құлшылық жасап нәпсімізді тізгінге ұстап, тәрбиелеуіміз керек.
Санаулы қалған Рамазан айын баршамызға лайықты өткізуімізді Аллаһ нәсіп етсін.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары