Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Кедей болғыңыз келмейді ме?
07 тамыз, 2013 жыл 932 Басып шығару нұсқасы

Кедей болғыңыз келмейді ме?  Осы күнде мешітке келіп: «Имам маған батаңызды беріңіз, менің жолым ашылсын, жолым болмай қойды, анда барсам қолым жүрмейді, мұнда барсам қолым жүрмейді, қиналып кеттім» -дейтіндер көбейіп барады. Құранда «Жұма» сүресінде ырзық несібе берушінің жақсысы - Алла деген. Сондықтан сіздердің назарларыңызға төмендегі оқиғаны жеткізейін.
Һафиз ибн Асакир Абдуллаһ ибн Масһуд (р.а) жөнінде мынандай риуаят етеді: «Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.) төсек тартып жатып қалады. Оспан ибн Аффан қалипа оның көңілін сұрай келіп: «Неден арызың бар»-? деп сұрады. Ибн Масғуд оған өзінің күнәларынан, кемшіліктерінен қорқып тұрғанын айтып ағынан жарылды. Осман ибн Аффан «не қалайсың?» деп сұрады және оның не қалауын, нәпсінің нені іздеп тұрғанын сұраған еді. Ибн Масғұд «Раббымның рахметін» деп жауап берді. Яғни Раббым Аллаһтың рахымын, Аллаһ күнәларымды кешіріп, жәннәтіна кіргізуін қалаймын деді. Осыдан белгілі болғандай, Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а) өлім хәлінде жатса да, Алланың рахымынан үміт етіп, азабынан қорқуда. Көбінесе ауырып жатқан адамнан қандай шағымыңыз бар деп сұралса , ана жерім ауырып тұр, мына жерім ауырып жатыр, мынаны жегім келіп тұр, ананы жегім келіп тұр деп көп нәрселерді талап қылады. Бірақ Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.) дүниеден ақіретті артық көрген хәлде күнәларынан шағымы бар екенін айтты. Осман ибн Аффан « Саған дәрігерді шақыртайын ба?» деп сұрағанда, Ибн Масғуд (р.а.) одан бас тартып, оны Аллаһ тағала сынға алып тұрғанын және сабыр етуін айтты. Барлық ұсыныстарынан бас тартқан соң, Осман ибн Аффан «Онда саған сыйлық бұйырайын ба?» деп сұрады. «Оған мұқтаждығым жоқ» -деді Ибн Масғуд. Осман ибн Аффан «Сенің мұғтаждығың болмаса, сенен кейін қыздарыңа қалады»-деді. Ибн Масғуд оған: «Қыздарымның кедей болып қалуынан қорқып жатырсыңба?», мен оларға әр күні кеште «Уақиға» сүресін оқуды бұйырғанмын. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кімде-кім әр күні кеште «Уақиға» сүресін оқыса, ешқашанда жоқшылыққа, кедейлікке ұшырамайды» дегенін естігенмін деп жауап берді. Демек әр кеште «Уақиға» сүресін басынан аяғына дейін шын жүрек, ықылас ниетпен оқыса әр түрлі қиындықтан, әсіресе кедейліктен сақтануы, ырзық несібенің кеңеюіне себеп болары хақ. Бұл жөнінде басқа риуаяттарда да келген. Мысал, Анас ибн Мәлік (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) риуаят етеді. «Уақиға» сүресі байлық (келтіруші) сүре. Ол сүрені оқыңыздар, балаларыңызға да оқытыңыздар. (Ибн Мардауайһ риуаяты). Және де әйелдеріңе «Уақиға» сүресін үйретіңдер деп риуаят етеді. Себебі, ол байлық (келтіруші) сүре (Дайламий риуаяты). «Аталық сөзде «Адамнан сұрағанның көзі шығады, Құдайдан сұрағанның бүйірі шығады» деген сөз бар». Олай болса әр күні кеште «Уақиға» сүресін оқиық. Сондықтан Құдайдан сұрайық ағайын. Барша жанға Аллаһ тағала жар болып, ісін оңға бастасын.
Оралбай Әділбекұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары