Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қызғаныштың азабы
21 тамыз, 2013 жыл 305 Басып шығару нұсқасы

Қызғаныштың азабыАбдуррахман ибн Ауф Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Мен (с.ғ.с.) Жебірейілді (ғ.с.) кездестіргенімде Мені (ғ.с.) сүйіншіледі: шынында кімде-кім саған сәлем айтса, Аллаһ тағала оған сәлем береді және кімде-кім саған салауат айтса, Алла тағала салауат айтады, тағыда кімде-кім Маған (с.ғ.с.) «Аллоһуммә солли ғалә Мухаммәдин уа әнзильһу мунзәләлмуқорробә ғиндәкә яумәлқиямәти» осы салауатты айтса, қиямет күнінде Менің шапағатым ол адамға уәжіп болады».
Қызғаныштың ең бірінші шыққан жері Шайтан малғұннан басталған. Аллаһ тағала Адамды (ғ.с.) жаратып, Періштелерге Адамға сәжде қылыңдар деп әмір еткенде, Шайтан лағын қызғаныштан тәкәппәрлық қылып сәжде қылудан бас тартады.
Қызғаныштың екінші шыққан жері Адамның (ғ.с.) баласы Қабылдан, яғни бір хабарларда: Хауа анамыз 20 құрсақ көтерген әрбір құрсақта бір-ұл, бір-қыздан болады делінеді. Бірінші құрсақтағы баласы Қабыл мен Ақлима, ал ақырғысы Әбдімуғис пен Әмәтумуғис болады. Адам (ғ.с.) қайтыс болғанда ұрпақтарының саны 40000 мыңға жетеді. Алланың әмірімен Адам (ғ.с.) Қабылдың сыңары Ақлиманы Әбілге, Әбілдің сыңары Лиюзаны Қабылға қосқысы келеді. Ақлима сұлу болғандығы соншалық Қабыл Ақлиманы алғысы келіп, әкесі Адамның (ғ.с.) әміріне қарсы шығады. Адам (ғ.с.) осы екі баласының арасындағы келіспеушілікті көріп, екеуіне құрбан шалуды бұйырып, кімнің құрбаны қабыл болса, сол Ақлиманы алады дейді. Қабыл егін шаруашылығымен айналысады, ал Әбіл болса мал шаруашылығымен айналысады. Қабыл өзінің егін шаруашылығынан ең нашар өнімін құрбандық қылып, Алла жолына әкеледі, ал Әбіл болса малының ішіндегі ең тәуір малын әкеліп, Алланың жолына құрбандыққа қояды. Сол кезде аспаннан от түсіп, Әбілдің құрбандығын алып кетеді. Осы кезде Қабылдың бойында қызғаныш пайда болып, Әбілді өлтіру туралы ой пайда болады. Қабыл өлтіремін деп, Әбілге қол көтергенде, Әбіл: «Сен маған қол көтерсеңде мен саған қол көтермеймін»-деп, Қабылды сабырлыққа шақырады, бірақ, Қабылдың бойындағы қызғаныш Әбілді өлтіруіне әкеп соғады. Сол мезеттен бастап, қасқыр қойға шауып, жан-жануарлар жыртқыш болып, тіпті теңіздегі балықтар бір-бірін жеп, кейбірі жыртқыш, енді бірі сол жыртқыштарға азық болуы сол қылмыстан бастау алады.
Осы қылмыстың барлығы қызғаныштан туындады, ал енді Қабыл Әбілді қалай өлтіруін білмей тұрған кезде, шайтан бір құсты тасқа жатқызып әлгі құсты таспен бастан ұрып өлтіреді, осы көріністі көрген Қабыл Әбілді қалай өлтіру керек екенін түсініп, Әбіл ұйқыға кеткен кезде, басынан таспен ұрып өлтіреді. Әбілдің жансыз денесімен не істерін білмей қайғырып көп уақыт арқалап жүреді. Күндердін күнінде Аллаһ тағала екі қарғаны жіберіп, Қабылдың алдыңда екеуі төбелесіп біреуі бірін өлтіріп жерді қазып көмеді. Осыны көрген Қабыл осы қарға құрлы болмадым деп жылап бауырын көмеді. Абдулла ибн Аббас (р.а.) осы оқиға Мекке қаласының маныңдағы Саур тауының жаныңда болды десе, басқа бір риуаятта Нұр тауы, Басра қаласындағы Ағзам мешітінің орны деген. Адам (ғ.с.) Қабылдан бауырың Әбіл қайда деп сұрағанда мен оны бағып жүрген жоқпын дейді, сонда Адам (ғ.с.) сен оны өлтірдің сол себепті сенің денең қарайды енді менен аулақ бол деп Қабылды жанынан қуады. Қабыл Иеменнің Адн деген жеріне қашып кетеді, сол жерге шайтан барып Қабылға Әбілдің құрбаны неге қабыл болғанын білесің бе? Себебі: Әбіл отқа табынған сондықтан оның құрбаны қабыл болды-дейді. Әбілдің істегенін сенде істе сонда сенің дұғаларың қабыл болады деп, Қабылды және оның ұрпақтарын отқа, пұтқа, табындырып жібереді. Нұхтың (ғ.с.) заманына яғни топан су келгенше осы адасушылықта болады.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде: «Кімде-кім адам өлтірсе, күнәсінің бір бөлігі Қабылға барып тұрады. Кімде-кім бір жақсылық істеген болса, сол жақсылықты ойлап тапқан адамға сауабы барып тұрады».
Ең бірінші аспанда қызғаныш қылған шайтан еді, жер бетінде қызғаныш қылған Қабыл екеуінің халі не болғаның білеміз, аз ғана ақылы бар адам қызғаныштан өзіне тек қана зиян әкелетінін түсінуі керек.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Алланың берген нығметтерінің дұшпандары бар. Осы сөзді естіген Сахабалар: Я Расулалла, олар кімдер деп сұрайды? Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: Құдайдың біреуге берген нығметін қызғанған адам».
Ғұламалар қателіктің анасы үшеу деген: 1. Қызғаныш, 2. Көп нәрсені қалау. 3. Тәкәппарлық. Тәкәппарлықты алсақ -негізі шайтаннан, себебі тәкәппарлық шайтанды Құдайдың рахматынан махрұм қалдырды. Көп нәрсені қалауды алсақ-Адам (ғ.с.) мәңгі өмір сүргісі келіп, Алла тағала тыйған жемісті жеп жұмақтан шығып қалды. Көреалмаушылықты алсақ-әуелгі көреалмаушылық жасаған адам өздеріңізге белгілі – Қабыл, соңында өз бауырының жанын қиды.
Қадірменді мұсылман қауым! Осы 3-нәрседен Алла бізді сақтасын.
Араб тілінен аударғандар:
Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамдары: Кәрсембай Дархан, Қосмағамбетов Бекболат

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары