Қарағанды 12:57 Бесін
  • 06:48 Таң
  • 08:17 Күн
  • 12:57 Бесін
  • 15:41 Екінті
  • 17:27 Шам
  • 18:56 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Имам Малик ибн Әнастің күделікті өмірінен бізге жеткен оқиғалар

Әшәб ибн Абдулазиз имам Малик туралы былай дейді: «Бірде ел жатқан уақытта сыртқа шықтым. Малик ибн Әнәстің үйінің жанынан өтіп бара жатып, оның намаз оқып жатқанын байқап қалдым. «Фатиханы» оқып болған соң, «Тәкәсүр» сүресін оқи бастады. «Сол күні берілген ырыс-береке мен несібелерден сөзсіз сұраласыңдар» аятына жеткен кезде кемсеңдеп, жылай бастады. Әлгі аятты қайта-қайта қайталап жылай берді. Мен баратын жеріме де бармай, көз алмай тыңдап қалдым. Осылайша ол таң намазына дейін жылады. Шапақ атқанда ғана, рүкүғке барып, намазын бітірді. Мен де үйге барып, дәрет алып, таң намазын оқу үшін мешітке бардым. Кейіннен күн шығып, айнала жарыққа толып, оның айналасына ілім алқасы жиналды. Мен жақындап барып жүзіне қарағанымда, жүзінен нұр шашып тұрды. Тіпті қарасаң көз тоймайды. Қараған сайын жүрегіңе жылы дарығынан анық сезесің. Сол кезде мен «Түнгі намазы көп болғанның күндіз жүзі – жарық, нұрлы болады» деген хадисті есіме алдым».

Имам әл-Бәйһақи «әл-Әсмә уас-сифат» кітабында имам Малик туралы мына оқиғаны жеткізеді: «Яхия ибн Яхия айтады: Біз Малик ибн Әнастың жанында тұғынбыз. Бір кісі келді де: «Уа, Абдулланың әкесі, Рахман болған Алла аршыға истиуа етті. Сонда қалай истиуа етті?»,- деп сұрады.  Имам Малик басын төмен иіп, үндемеді. Содан кейін оны тер басты. Сосын тіл қатып: «Истиуа белгісіз нәрсе емес, оның кейіпі ақылға қонымсыз, оған иман келтіру уәжіп, ол жайында сұрақ қою – бидғат (дінге жаңалық енгізу). Мен сенің тек бидғатшы екеніңді көріп тұрмын», деп әлгіні шығарып жіберуге бұйырды». Имам әл-Бәйһақи кітабында осы оқиғадан бұрын Абдулла ибн Уәһбтіңриуаятын жеткізеді. Онда Имам Малик: «Рахман өзін сипаттағандай, аршыға истиуа етті. Истиуаның кейпі қалай деп айтылмайды. Кейіп Аллаға жүрмейді. Сен бидғатшыл жаман адам екенсің. Мынаны шығарып жіберіңдер»,- деген екен. Имам Малик жоғарыдағы «Истиуа белгісіз нәрсе емес, оның кейіпі ақылға қонымсыз» және «Истиуаның кейіпі қалай деп айтылмайды. Кейіп Аллаға жүрмейді» деген екі сөзімен де Алланың өзі мен ісінің кейіпке енбейтінін айтып жеткізді. Ал кейіп бір заттың не ол затқа тән іс-қимылдың формасы, пішіні. Алла мұндай жаратылысқа тән сипаттардан пәк. Осы оқиғадан имам Маликтің тақуалығының шын бейнесін көреміз.

Имам Маликтің керемет мінезі мына оқиғадан көрініс табады. Мәдина әкімі имам Маликтен бір ижтихадынан бас тартуды сұрайды. Қабылдамаған соң қамшымен сабатты. Әр сабаған сайын, имам: «Уа, Раббым, бұларды кешір. Өйткені білместікпен істеп жатыр» деді. Соңында талып қалды. Кейіннен есін жиғанда: «Куә болыңдар, өзімді сабағандарды кешірдім» деген. Халифа әкімді жазалау үшін рұқсат сұрағанда, имам: «Жоқ, мен оны кешірдім» деген екен. Осы оқиғадан имам Маликтің көркем мінезге ие болғанын байқаймыз. Аса сабырлы, кешірімді, мейірімді әкенің екі ұл, бір қызы болды. Билік басындағылармен қарым-қатынасы жайлы тағы бір оқиға бізге жеткен. Шәкірттерінің бірі: «Жұрт сіздің биліктегілермен жиі кездесетініңізді айтады. Сізге ол жараспайды деуде»,-дегенде, имам: «Бұны әдейі істеймін. Өйткені олай істемесем, олар лайық емес әлдекімнің кеңесіне жүгінеді. Егер олармен жолықпасам, бұл қалада Пайғамбарымыздың сүннетін ұстанатындар қалмас еді», - деп жауап берген екен.

Хафиз ибн Хәджәр имам Маликке мынадай мінездеме береді: «Ол – Дәрул-хиджраның имамы, білімі ең толық ғалымдардың ішіндегі бастысы және сенімді жеткізушілердің ұлысы».

Имам Маликтің діндегі білімі мен басқа ғалымдар ол туралы қандай пікірде болғанын білу үшін имам әл-Бұхариден «кімнің иснады ең анық, әрі сенімді деп есептеуге болады» деп сұраған кезде, ол: «Ең жақсы иснад - бұл Малик хадисті Нәфи’тен, ал ол – Ибн Омардан, ал ол – пайғамбардан (ﷺ) жеткізгені», – деп жауап бергенін еске алсақ болады.

Яхья бин Яхья ат-Тамими: «Оқуым біткен соң имам Маликтен жақсы дүниелерді меңгеру үшін бір жыл қасында қалдым. Оның бойындағы қасиеті Пайғамбарымыздың қасында болған сахабалар мен одан кейінгілердіңкі секілді еді» деген.

Имам Маликтің бұрынғы шәкірті болған имам әш-Шәфиғи былай дейді: «Табиғиндердің кезінде Малик Алланың адамдарға қарсы дәлелі еді».

Имам Шафиғи: «Ғалымдар туралы сөз етілгенде, олардың арасында имам Малик жарқыраған жұлдыз секілді. Маған одан көп еңбегі өткен жан жоқ» деген. 

Имам ән-Нәсаи айтады: «Менің ойымша, табиғиндерден кейін өмір сүргендердің ішінде Маликтен асқан ізгі, құрметті, сенімді, әрі хадисте сенімге лайық ешкім жоқ».

Ал, имам Малик өзі туралы былай дейтін: «Жетпістен астам ғалым маған фәтуә беруге куәлік етпегенше, фәтуә берген жоқпын».

Имам Малик алғашқы өмір жылдарында өте кедей тұрған, тіпті нан алып жеуге де қаражаты болмай, қиналған кездері болған. Сондай қиын сәттерде де ол ешкімге қол жайып бармаған. Өзінің сырт келбетіне ұқыпты қараған. Қиын қыстау кезеңде оның сырт келбетіне қарап бақуатты отбасының адамы деп айтуға болатын. Білімін тереңдетіп, өзгелерге дәріс бере бастаған соң, әлемнің түкпір-түкпірінен келетін байлар оған сый көрсететін. Содан түскен бар дүниені ол қайырымдылыққа жұмсаған. 

Өмірінің соңғы жылдарында ол мешітке бара алмайтындықтан үйінде сабақ берген. Имам Малик Пайғамбарымыздан (ﷺ) кейін өмір сүрген үшінші ұрпаққа жатады. 86 жасында дүйсенбі күні өмірден қайтқан.

 

Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы

Теміртау қалалық орталық мешітінің бас имамы

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    15 қараша 2018 жыл Мәуліт мүбарак болсын!
    13 қараша 2018 жыл Ең керемет әке
    13 қараша 2018 жыл Құбыла бағыты
    06 қараша 2018 жыл Аллаға еркелесем...
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика