Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ең әлді дұға осы
25 ақпан, 2021 жыл 2260 Басып шығару нұсқасы

Истиғфар сөзі Алладан кешірім сұрау. Ол тәубеге келудің кілті әрі жеңілдік сыйлайды. Адам баласы өзін жайсыз сезінгенде-ақ шынайы ниетімен истиғфар айтса, Жаратушы Иеміз бірден тыныштандырады. Ол бір сөзден ғана тұратын «Астағфируллаһ» («Алла Тағала мені кешірсін») деп дұға тілеу. Алламен байланыс жасағысы келген адам, алдымен кешірім сұрап, истиғфар ету керек. Сол кезде ғана құл өзінің құл екенін, Раббысының алдында дәрменсіздігін сезеді. Сондықтан да көңіліңді мұң шалса, қиналып, қайғы ойласаң, «Астағфируллаһ» де. Хадисте айтылғандай: «Кімде-кім Алладан жиі кешірім сұраса, Алла Тағала нендей уайым болса да жеңілдетіп, тығырықтан шығар жол көрсетеді». Адамзаттың асыл заты, мінсіз жан деген  - Алла елшісінің ﷺ өзі  күніне 70 рет Раббысынан кешірім сұраған.

Бір минутта «Астағфируллаһ» сөзін 100 шақты рет айтуға болады. Оның құндылығы сол Алланың кешіріміне, мейірімділігіне бөленесіз, жақсылыққа кенеліп, жамандық атаулыдан алшақ тұрасыз. Және ең үлкен сый ол – жәннат. Алайда истиғфар бұл жай сөз емес. Бұл дегеніңіз жүректің еншісінде, яғни мұсылманның ерекше Мейірімді Аллаға ішкі дүниесімен, жан-тәнімен берілу. Шынайы кешірім тілеу. Алла Тағаланың көп есімдерінің бірі де әл-Ғаффур-кешірімді. Алла барлық құлдарының тәубесін қабыл етіп, кешіргей!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары