Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Оразада тіс пастасын қолданса бола ма?
16 мамыр, 2017 жыл 550 Басып шығару нұсқасы

Ораза ұстаған адам ауызын тазалауын болады. Тіпті Пайғамбарымыз (с.а.у.) : «Аузы берік кісінің тіс тазалағышы ол – мисуак», [16]- деген. Десе де, шариғатта аузы берік кезде себепсіз бір нәрсенің дәмін тату не шайнау- мәкрүһ, яғни ұнамсыз іс [17]. Бұған байланысты кей ғалымдар тіс пастасын қолданарда ішке кетіп қалмауын қадағалағанмен, оның дәмі, бәрібір, ауыз қуысында ұзаққа сақталып қалады. Сондықтан ораза ұстаған адамға тіс пастасы да мәкрүһ деген пікірде [18]. Алайда «оны қолдануға рұқсат. Тек ішке кетіп қалмауына көңіл бөлсін» деген ғалымдар да жоқ емес [19]. Ендеше, ішке кетіп қалу ықтималдығы болғандықтан, ауызы берік кезде тіс пастасын қолданбаған абзал. Ал, қолданғысы келген кісілер, ішке кетіп қалмау жағын қатаң ескергені жөн. Себебі, ол ішке кетіп қалса, оразаны бұзады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары