Қарағанды 18:32 Шам
  • 06:48 Таң
  • 08:12 Күн
  • 13:27 Бесін
  • 16:43 Екінті
  • 18:32 Шам
  • 19:57 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Пайғамбарымыз (ﷺ) бен Талханың (р.а.) мешітке бара алмай қалуына не себеп болды?

«Садақа ретінде берілген бір үзім нан Алла Тағаланың алдында Ухуд тауындай үлкейеді» (Табарани) деген хадис жеткен.

Әлбетте, садақа беру қажет. Бірақ, әр нәрсенің өз орны бар секілді садақа берудің де өз реті бар. Алла тағала пенденің бар дүниесін садақа етіп таратып, соңынан оның қиналып қалуын жөн көрмейді. Алла елшісінің () бір кәрі әйел көршісі болатын. Ол қызын Расулуллаһқа () жіберіп, «Намаз оқығанда киетін киімім жоқ. Маған намазда жамылатын бір киім жіберіңіз», - деп жалбарынды. Алла елшісінің () дәл сол уақытта артық киімі жоқ еді. Үстіндегі «әнтарииді» (ұзын көйлек) шешіп, сол әйелге жіберді. Намаз уақыты келген кезде киімсіз болғандықтан мешітке бара алмады. Сахабалар мұны естіп, «Расулуллаһ сонша жомарт, киімсіз қалып мешітке келмей отыр. Біз де барлық нәрсемізді кедейлерге таратайық», - деді. Алла тағала «Исра» сүресінің 29-шы аятын жіберді. Алдымен хабибіне «Сараңдық жасама, ештеңе білмей тұрма» деп, одан соң «Қиналатындай және намаздан қалатындай, өзің ренжитіндей деңгейде де барлық затыңды таратпа! Садақада орта жолды ұстан», - деп бұйырды.

Біздің дәуір ең бай, қуатты дәуір деп айтсақ қателеспейміз. Пайғамбарымыздың () заманымен салыстыруға әсте келмес. Бірақ, жоқшылыққа қарамай, сахабалар бар байлығын садақа ретінде жұмсауға асыққан. Қазір қалтасындағы аз ақшасын садақа етіп беріп, соны жылдап мақтан тұтып, іштей өзіне риза болып жүретін жандар табылады. Бұл әсте құптарлық жайт емес. Сахабалардан Талханың әйелі Суғда өз басынан өткен оқиғаны былайша баяндайды: «Бір күні Талха (р.а.) жүз мың дирхамын садақа етіп таратты. Сол күні мен оның көйлегіне жамау салып отырған едім. Ауыстырып киетін өзге көйлегі болмағандықтан, мешітке жамағатпен оқылған намазға бара алмады».

Имам Мәлік (р.а.) риуаят етуде: «Айша (р.а.) анамыз ораза тұтқан күні бір кедей жәрдем сұрап келеді. Үйінде бір жапырақ наннан басқа азық жоқ еді. Соған қарамастан қызметшісіне: «Келген адамға үйдегі нанды бер», - деді. Қызметшісі: «Егер нанды берсек, кешкісін аш жатамыз», - десе де, Айша (р.а.) нанды әлгі кедейге ұсынды. Кешкісін біреулер үйіне піскен ет пен нан әкелді. Айша (р.а.) қызметшісін шақырып алды да: «Ал, бұл нан әлгі (бергің келмеген) нанның орнына келген нығмет», - деді. Алла тағала Айша (р.а.) ықыласына риза болып, оның қажетін өтеді. Қандай да амал ізгі ниетпен туса, пенде оның жемісін әлбетте көреді. Сараңдық таныту мұсылмандарға жат пиғыл.

Бұл хадистерден алар хикметіміз, әрбір келген нығметті Алланың берген сыйы деп қабылдауымыз керек және садақа берерде сараңдық танытпай, орта жолды ұстану шарт. Ақылға салған адам, әрине Аллаға бой ұсынады, нығметін сезініп, ұғынады, шүкірлік етеді. Садақаны Алланың разылығын алуды мақсат тұтып беру сауапты.  Аллаға шүкір, біздің қоғамда киер киімі, ішер асы жоқ болып, таршылықта өмір сүріп жатқан адам кемде-кем. Ақылға салып, бір күні ораза тұтып, сол күнгі желінер асты садақа етіп тарату қандай құптарлық іс десеңізші. Нәпіл оразасы үшін жеке сауап, садақасы үшін тағы сауап! Тозақ отына қақпан болатын садақаны беру үшін көп ақшаның қажеті жоқ. Айтылған жылы сөз де – садақа. Үлкен мен кішіге көрсетілген мейірім де – садақа. Осы ретте Аллаға құлшылықты арттырып, қайыр-садақаны көбейткен абзал дегіміз келеді...

 

Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы

"Әнет баба" мешітінің наиб имамы

 

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    11 ақпан 2019 жыл Сүндеттеу -сүннет амал
    06 ақпан 2019 жыл МАСКҮНЕМДІ ӘУЛИЕ ЕТКЕН БІР АУЫЗ СӨЗ
    Рухани дін алыптарының бірі Бишр Хафи хижри 150 (милади 757) жылы Мерв деген қалада, отырықшы отбасында дүниеге келді. Бағдат қаласында өмір сүріп, хижри 227 (милади 841) жылы өмірден өтті. Өз дәуірінде хадис ғалымдарының бірі болған Бишр Хафи жас кезінде ішімдікке әуестеніп, уақытын бекерге өткізетін.
    06 ақпан 2019 жыл ӨТЕ ӘСЕРЛІ ОҚИҒА
    30 қаңтар 2019 жыл АБАЙДЫҢ НАМАЗЫ
    28 қаңтар 2019 жыл ЕҢ АРЗАН ЕМ
    © 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика