Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тақуа кім, абыройы не?
17 желтоқсан, 2013 жыл 293 Басып шығару нұсқасы

Тақуа кім, абыройы не?Бірде бір ағайын қажылық өтеуге аттанып... Едәуір жүріп ол кісі де қажылық сапарынан оралып, имам Садыққа өзі қажылық өтеу кезінде куә болған, сонда бөленген әсерлерін айтып, әңгімелеп отырды. Сөз арасында ол айрықша бір тақуа адаммен сапарлас болғандығын айтады.


 

- Қандай ұлы адам еді, - дейді ол оны мақтап. Аузынан Алласы түспейтін. Қалай үйге келеміз, ол кісіде солай бір бұрышқа барып, жайнамазын жайып жіберіп, Аллаға мінәжат етумен болатын.


 

-Пай - пай сондай тақуаны көрген де арманда, көрмеген де арманда.


 

-Жөн - ақ. Сонда оның шаруаларын кім атқаратын еді? - деп сұрайды имам Садық.


 

-Ондайда ма? Оның шаруаларын біз атқаратын едік. Оның барша істері біздің мойынымызда болатын. Ол болса, әрдайым өзінің қасиетті істерімен, ғибадатпен айналысатын, - деп жауап беріпті Меккеден оралған қажы.


 

Олай болса, сіздердің барлықтарыңыз ол кісіден артық, абыройлы болған екенсіздер, - деген екен имам Садық.


 


 


 

Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Жаримбетов Мұхит


 

ТАҚУА КІМ, АБЫРОЙЫ НЕ?

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары