Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарымыз (с.а.с) құрмасы жоқ үйді осыған теңеген
06 мамыр, 2021 жыл 1103 Басып шығару нұсқасы

 

Мамандардың айтуынша, құрма жеу босануға көмектеседі. Әсіресе, жүктіліктің 37 аптасынан кейін күніне 4-5 немесе одан көп құрма жеуге болады. Құрма витамин, протеинмен қатар окситоцин гормонын қамтиды. Oкситоцин босанардан бұрын толғатуды, сүт жиналуын, босанғаннан кейін жатырдың тез жиырылуын қамтамасыз етеді.
Қасиетті Құран кәрімде де: «Толғақтан қиналған ол құрма бұтағына қарай беттеді. «Қап, бұған дейін өліп, ұмытылып кеткенімде болар еді» деді. Төменнен (бір дауыс) естілді: «Мұңданба, Раббың саған төмен жағыңнан бір арық жасады. Құрма бұтағын өзіңе қарай сілкі, сонда саған жаңа піскен құрмалар түседі. Содан алып же, іш, көзайым бол…» («Мәриям» сүресі, 23-26) деп бұйырып, хазірет Мәриямға босанардан бұрын жаңа піскен құрма жеуіне кеңес берген.
Жүктілік кезінде өте-мөте қол, сан және арқа бұлшық еттерін жұмыс істету болашақ ананы дене және рухани тұрғыдан босануға дайындайды. Бұдан бөлек, терең тыныс алып күту, демді ұстау да ауырғанды басуға көмектеседі.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құрмасыз үй – тамағы жоқ үй деген. Ол шаш пен теріге пайдалы, көру қабілетін жақсартады, бауыр мен жүрекке аса пайдалы.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары