Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адам қайтыс болғанда айтылатын жұбату сөздер
24 қыркүйек, 2018 жыл 387927 Басып шығару нұсқасы

Туыстарына көңіл айту керек, яғни сабыр етуін айту керек және жаназаға байланысты қызметтерге жәрдемдесуге асығу керек. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Мұсылманның мұсылманда бес ақысы бар: Сәлеміне жауап беру, ауырған кезде көңіл сұрап бару, жаназасына бару, қонаққа шақырған кезде бару, түшкіріп “әлхамдулиллаһ” деген кезінде “йәрхамукаллаһ” деу.» (Мүслим)

Қайтыс болған адамдардың туыстарынан үлкен-кіші еркектерді және қарт әйелдерді кездестіргенде көңіл айту, яғни «қайғыңызға ортақпыз» деу, сабыр етуге кеңес беру мүстаһаб болып табылады. Көңіл айту үшін«Азамаллаһу әжрак уә ахсәнә уә ғафәра лимәйитик» делінеді, «Аллаһу та’ала сауабыңды, дәрежеңді арттырсын, жақсылап сабыр етуіңді нәсіп етсін және мәйіттің күнәларын кешірсін» деген мағынаны береді.

Қиыншылықтарға тап болған адамды жұбату керек. Бір хадис шәрифте былай делінген: «Баласы қайтыс болған адамды жұбатқан кісіге жәннат шапаны беріледі. Қиыншылыққа ұшыраған адамды жұбатқан кісі оның сауабындай сауап алады.» (Тирмизи)

Расулуллаһтың көңіл айтуы

Сүйікті пайғамбарымыздың көңіл айту хатында былай жазылған:

«Аллаһу та’ала саған амандық берсін! Оған хамд етемін. Әр адамға келген жақсылық пен жамандық тек Одан келеді. Аллаһу та’ала саған көп сауап берсін. Сабыр етуіңді нәсіп етсін! Оның ниғметтеріне шүкір етуіңді ихсан етсін! Жақсылап біліп алуымыз керек, өз болмысымыз, мал-мүлік, байлық, әйел және бала-шағаларымыз – Аллаһу та’аланың шексіз ниғметтерінен, сүйікті және пайдалы ихсандарынан болып табылады.

Бұл ниғметтерді бізде шексіз қалу үшін емес, аманат ретінде қолдану, кейіннен қайтарып алу үшін берген. Бұларды тек белгілі уақытта ғана пайдаланамыз. Уақыты келген кезде бәрін қайтарып алады.

Аллаһу та’ала ниғметтерін бізге беріп қуантқан кезде шүкір етуімізді, уақыты келіп кері қайтарып алған кезде сабыр етуімізді әмір етті.

Сенің бұл балаң – Аллаһу та’ала берген сүйікті, пайдалы ниғметтерінің бірі еді. Кері қайтарып алу шартымен саған аманат қылып берген еді. Ал қазір кері қайтарып алып жатқанда да саған көп сауап, жақсылық береді, мейірімділік етіп дұрыс, тура жолда ілгерілеуіңді, жоғарылауыңды ихсан етеді.

Бұл ихсанға қауыша алу үшін сабыр ету керек, Оның істегенін жақсы деп санауың керек! Ашуланып, ойбайлайтын болсаң, сауапқа қауыша алмайсың және соңында өкінесің.

Жақсылап біліп ал, жылау, қайғыру пәлекетті кері қайтармайды, қайғыны кетірмейді. Тағдырда жазылған нәрселер басқа келеді. Сабыр ету, болып қойған нәрсеге ашуланбау керек. Аллаһу та’ала бәріңе амандық берсін!»

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары