Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Күйеуі қайтыс болған әйел қына жақпасын
08 маусым, 2017 жыл 2359 Басып шығару нұсқасы

Қынаның маңызы хадис шәрифтерде былай білдірілген:

«Қына жағыңдар. Өйткені сұлулықтарыңды, жастықтарыңды және неке махаббатын арттырады.» (Әбу Нуайм, Бәззар)

«Ең алғаш қына жаққан адам Ибрахим пайғамбар. Қарамен ең алғаш боянған да Перғауын.» (Дәйләми)

«Күйеуі қайтыс болған әйел (иддет мерзімі біткенге дейін) сәнді киім кие алмайды. Әшекей де таға алмайды, қына және сүрме жақпайды.» (Мүслим)

«Боянудың ең жақсысы – қынамен жасалғаны.» (Дәйләми)

«Кәріліктеріңді қынамен кетіріңдер. Себебі бұл – жүздерің үшін әсемдік, ауыздарың үшін хош иіс, әйел үшін қуат. Қына – жәннаттағылар иісінің сәйиді және қына күпір мен иманды ажыратады.» (И.Асакир)

«Мына нәрселер Лұт қауымының жаман мінездерінен: еркектердің сағыз шайнауы, жолда мисуак қолдану, ысқыру, көгершінмен ойнау, еркектердің саусақтарына қына жағуы, көкірегін ашып жүру.» (Дәйләми)

«Қынамен бояныңдар. Өйткені ол хош иісті және қорқынышты басады.» (Хаким)

«Шаштарыңды қыналаңдар және яһудилерге ұқсамаңдар!» (Ибн Адий)

«Сақалдарыңды қыналаңдар. Себебі періштелер мүминнің қына жаққанына қуанады.» (Ибн Адий)

«Сүйікті пайғамбарымыз басы аурып мазасызданған адамға «Бар, хажамат жасат (қан алдыр)», аяғы аурып мазасыз болғанға «Бар, аяғыңа қына қой» дейтін еді.» (Табарани)

«Расулуллаһқа уахи келген кезде басына ауру келетін және басына қына қоятын еді.» (Ибн Сүнни)

«Денесінде жара болса, үстіне қына қоятын еді.» (Ибн Мажа)

«Әйелдің қолында қынаның әсерінің болуын ұнататын еді.» (Бәйһақи

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары