Абылай қалмақтың бір қарғысшыл адамынан қарғыстың жаманы қандай деп сұрағанда, қарғысшыл, бірінші:
«Шөбің жапырылсын!» – депті.
«Мені кедей бол дегенің ғой, бұл қарғыс емес. Халқым бай болса, бір менің кедейлігім кемшілік емес», – депті Абылай.
Екінші, «Күлің шашылмасын», – депті.
«Бұл да қарғыс емес, балаң болмасын» дегенің ғой. Өзім жақсы болсам, халықтың бәрі менің балам», – депті.
Үшінші: «Өзің білме, білгеннің тілін алма», – депті. «Міне, жаман қарғыс осы!» – деген екен хан Абылай.
Пікірлер