Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Оянғанда жұдырық түйе алмаудың себебін білгің келе ме?
09 маусым, 2017 жыл 583 Басып шығару нұсқасы

Адамдардың басым көпшілігі ұйқыдан оянған соң, белгісіз себептен жұдырықтарын түйе алмай жатады. Мұның сырын дәрігерлер омыртқамен байланыстырады. Мысалмен түсіндіріп көрейік.

Омыртқа ауруы

Мойын омыртқасы мен кеуде омыртқасында ақауы бар адам әдетте жұдырығын қысудан қиналады. Анығырақ айтсақ, бесінші, алтыншы және жетінші және кеуде омыртқасының тұсын томографияға түсіріп, бір тексерілуі керек.

Асқазан немесе ішек ауруы

Асқазан және ішек ауруын білудің көптеген белгісі бар. Мысалы, бетке безеу шығуы мүмкін. Тағы бір сондай белгісі, алақанның қатты қысылмауы. Ішекке түскен инфекция асқынып, буынның қызметіне кері әсерін береді.

Тағы бір себебі

Aдам ұйықтағанда оның барлық мүшесі «демалысқа шығады». Есіңізде болсын, сіз көзіңізді ашып, ояндым дегенмен, ағзаңыз әлі оянып үлгермейді. Ағзаға оянғаныңызды білдіру үшін жарық, су және қозғалыс керек. Терезені ашып, көзге даланы «көрсетіп», бетіңіз бен аяғыңызды сумен жуып, салқын су ішсеңіз, ағзаңыз ояна бастайды. Таңертең керіліп, буынды мейлінше созып, жаттығу жасау керек. Бір-екі сағаттан соң, алақан да еркін жұмылатын болады.

massaget.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары