Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мына галустукты тағудан сақтаныңыз
09 маусым, 2017 жыл 935 Басып шығару нұсқасы

Жібек пен алтын әйел кісілерге рұқсат, ер кісілерге харам екендігі хадистерде ашық айтылған[1]. Дегенмен, киімдегі бір қарыс мөлшердегі жібектің ер кісілер үшін де ағаттығы жоқ деп есептеледі. Мұны Ханафи фиқһ кітаптарында «Әзіреті Омардың саусағындай төрт саусақтың көлемі» деп өлшеген[2].

Аталмыш өлшем Сахаба Абдулла ибн Аббастың (р.а.) мына сөзінен шыққан: «Алла елшісі (с.а.у.) саф жібектен жасалған матадан (тігілген киімді киюден) тыйды. Бірақ, бір саусақ немесе екі саусақ яки үш саусақ не төрт саусақ көлеміндей жібекке рұқсат»[3].  

Хадистің Әбу Дәуідтте келтірілген нұсқасында: «...Бірақ, матаның арқау жібі жібектен, ал, өріс жібі басқадан болса (мақтадан, жүннен), ағаттығы жоқ»[4], - делінген жері бар. Осыған орай, кейбір ғалымдар «егер, жібек аралас тігілген киімнің көп бөлігі басқа материалдан құралған болса, оны киюдің ешқандай ағаттығы жоқ», - деп тұжырымдайды[5].  

Ендеше, бірыңғай немесе басым бөлігі жібек матадан тұратын галстукті тағуға болмайды. Ал, жібек материалы бір қарыстай, қалғаны өзге матадан құралған галстукті тағудың күнәсі жоқ. Бұл айтып отырғанымыз, таза жібекке байланысты. Қазіргі таңда «жасанды жібек» өндірісі де қолға алынғандығы мәлім. Сондықтан да, жасанды жібек матадан тігілген галстукті тағудың күнәсі жоқ екендігін біле жүрген жөн.

 

[1] Сахих Бұхари: Либас.
[2] Хадиятуль Аләия – 200 бет.
[3] Сахих Мүслім.
[4] Әбу дәуід, Китабул либас - №4055 хадис.
[5] Ъаунуль Маъбуд - №4055 хадис түсіндірмесі. 

 

Абдусамат Қасым

Ислам.кз

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары