Бауыздау мақсатында «бисмилла» айтылып басы шабылған тауықтың еті адал. Бұған қатысты Әзіреті Әли «тез бауыздаудың түрі» деген. Және сахаба Имран ибн Хусайннан (р.а.) үйректің басын қылышпен шапқан кісі жайында сұрағанда ардақты сахаба: «Ол үйректің еті желінеді», - деп жауап берген[1]. Имам Ағзам Әбу Ханифа, Имам Шағби, Имам Сәури, Имам Ахмад ибн Ханбәл т.б. ғұламалар етінің адалдығына үкім еткен[2].
[1] Имам Сәрәхси: әл-Мәбсут.
[2] Ибн Құдама: әл-Муғни - «7766» мәселе.
Пікірлер