Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Моншаға бірге түсетін ерлі-зайыптылардың естерінде болсын!
10 маусым, 2017 жыл 27407 Басып шығару нұсқасы

Ерлі-зайыптылардың бірге моншаға түсулері күнә емес. Өйткені, Пайғамбарымыздың жұбайы Мәймүнә (Оған Алла разы болсын) Алла елшісімен бірге жуынғандығын айтқан[1].

Тек мынаны ұмытпау керек: монша көбіне жын-шайтандардың мекен ететін орны болғандықтан, моншаға кірер кезде «Бисмилләһ» деп айтқан жақсы. «Бисмилләны» айту арқылы моншадағы адам мен жын-шайтан арасында бейне бір перде пайда болады. Осылайша, ұятты жерлерін олардың (жындардың) сұғынан қорғаған болады.

Әзіреті Әлиден келтірілген бір риуаятта Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Адам баласы оңашаланған уағында («الخلاء» - яғни, әжетханаға яки моншаға кірер кезде) «Бисмилләһ» деп айтса, әурет жерін жындардың сұғынан қорғаған болады»[2].

 

[1] Сахих Мүслим.
[2] Тирмизи - №606 хадис 

islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары