Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бұл жағдайда әкесі қызына үйлене алмайды
12 маусым, 2017 жыл 1880 Басып шығару нұсқасы

Бойжеткен өгей қызыңыз да өз қызыңыз секілді сіздің алдыңызда хижапсыз жүруіне құқылы. Әрине, егер фитна туындайтындай қауіп болмаса. Сондай-ақ, онымен оңаша қалудың да күнәсі жоқ.  

Құран Кәрімде үйленуге болмайтындарды тізіп айтқан аят бар. Сол аятта: «...жақындасқан әйелдеріңнің (бұрынғы ерінен болған) қолдарыңдағы өгей қыздарыңмен де некелесу харам етілді. Алайда, ол әйелдерге жақындаспаған болсаңдар, сендерге бір оқасы жоқ...», - делінген[1]. Яғни, өгей қыз өгей әкесіне өз қызындай өмірлікке «махрам» ретінде саналады. Алда-жалда қыздың анасымен ажырасып жатса, өгей қызымен ешқашан некеге тұра алмайды[2].

«Фитна туындамаса...» деуімнің себебі, өгей әкесі азғындыққа бой алдырған, нәпсісіне берілген әрі әдеп нормаларынан құр алақан адам болса, онда ондай өгей әкенің алдында да хижаппен жүргені дұрыс.


[1] Ниса сүресі, 33 аят.
[2] Бұл - аятта айтылғандай, қыздың анасымен үйленіп, ерлі-зайыпты ретінде арада төсек қатынасы орын алған жағдайға қатысты.  

Абдусамат Қасым

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары