Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ұлына шаш алдыратын әйел адам мынаны білсін
12 маусым, 2017 жыл 429 Басып шығару нұсқасы

Әйел баласына керек кезде шашын қиюына рұқсат. Себебі «Сахих Муслимде» жеткізілген хадисте Абдрахман бин Ауфтың баласы табиғин әрі ғұлама Әбу Сәләмәның[1] айтуы бойынша, ардақты Пайғамбарымыздың жұбайлары шаштарының ұзындығын кейде қысқартатын болған[2].  Бұл әйелдерге шаш қиюға рұқсат деген сөз. Осы уәжді хадисші әрі Шафиғи мәзһабының фиқһ білгірі Имам Нәуәуи (р.а.) аталмыш хадиске түсініктеме беру барысында: «Сондай-ақ бұл хадис шашты қысқарту әйелдерге рұқсат екеніне дәлел» [3] , - деу арқылы құптап отыр.

Алайда, шаш алу кезінде еркектердің шашына ұқсатып тым қысқа алмауды ескерген жөн. Өйткені Алла Елшісі өзінің асыл сөздерінің бірінде: «Қиямет күнінде Алла назар аудармайтын кісі үшеу. Олар: Ата-ананы құметтемейтіндер, еркекке ұқсауға тырысатын әйелдер  және өз жарын қызғанбайтын еркектер... .»[4], - деп қатаң түрде ескертеді. Ендеше, бұл хадистен әйел заты өзінің табиғи ерекшеліктерін қай жағынан болмасын өзгертпеуі керек екенін аңғарамыз. 

Ал, екінші сұрағыңызға келер болсақ, ондай пікірдің шариғатта негізі жоқ.

[1] Айша анамыздың сіңлісі Умму Кульсумнің сүт баласы.
[2] Сахих Муслим, Китабуль Хайз, 320-хадис.
[3] Сахих Муслим шарихы, Китабуль Хайз, 320-хадис.
[4] Нәсәий, Китабуз Зәкәт, 2562-хадис.

Абдусамат Қасым
islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары